Сіз нағыз Еңбек Ерісіз!

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, деген хабарды естігенде қуанбаған қазақ баласы кемде-кем шығар. Жақсылық ағамыз мұндай биік мәртебеге әбден лайық азамат!

Кезінде грек-рим күресі бойынша қазақ палуандарынан бірінші болып Кеңес одағының және КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, Олимпиада чемпионы атанған ағамыз сонау жетпісінші-сексенінші жылдары халқымыздың мәртебесін биіктетіп, намыс туын жоғары ұстап еді. Турасын айтқанда, ұлтымыздың рухын көтерген болатын. Сол кезде қазақтың палуандық тарихында көшбасшы болса, енді міне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған алғашқы қазақ спортшы-кәсіпкері атанып отыр.

Қадірлі достар! Бүгінгідей ұлық мейрам үстінде баршаңызды, сіздермен бірге Жақсылық ағамды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отанымыздың бейбітшілігі баянды, тірлігі берекелі болып, қазақ халқы бақытқа кенеле берсін! Жақсылық аға тәрізді тарихи тұлғаларымыз жүз жасасын! Ағамыздың мәртебесі биіктей берсін! Қуанышы құтты болсын!

Ізгі тілекпен,

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік ТӨКЕЕВ

Пікір жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*