• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ақтөбеде мұғалімдер арасында зияткерлік ойындар өтті

    Ақтөбе қаласында өткен мұғалімдер арасындағы шахмат пен дойбыдан Қазақстан Кубогы бәсекесі мәресіне жетті.

    Еліміздің 7 облысынан келген ұстаздар шахмат пен дойбыдан ерлер мен әйелдер арасында әр жас ерекшелігі бойынша сынға түсіп, Қазақстан Кубогы иегелері мен жүлдегерлерінің есімдері белгілі болды.
    Осы дүбірлі доданы ұйымдастыруға үлкен еңбек сіңірген №8 орта мектеп ұжымына (директоры Айсұлу Берікқызы Жақсыбаева) және аталған мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Нұрғали Таубаевтарға айтар алғысымыз шексіз.
    Сонымен қатар «Спорт жұлдыздары» журналының осы жарысты өткіземіз деген ұсынысын бірден қабыл алып, қолдау көрсеткен Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мен Қазақстан дойбы федерациясының президенті Алла Чуприк және  республикалық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко ханымдарға барша қазақ елінің ұстаздары атынан ризашылығымызды білдіреміз.

    Қиын да қадірлі мамандық иелері, ұстаздар қауымына мұндай жарыстар біліктіліктерін арттыру мен шеберліктерін шыңдау үшін өте қажет екені даусыз. Бүгінгі додада жеңімпаз атанып, елдеріне Кубок пен медальдарға ие болып оралатын ұстаздар өздерінің шәкірттеріне үлгі-өнеге болары анық. Ағайлары мен апайларына қарап бой түзейтін олар күні ертең саламатты өмір салтын ұстанып, спортты жандарына серік еткен азаматтар болып шығатын болса біздің де алға қойған мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз. Жеңісті күндер көп болсын! Қазақ елінің ұстаздары жасасын! «Спорт жұлдызыдары» журналымен әрқашан бірге болыңыздар!
    Біз біргеміз – берік іргеміз!

    Сіздерге деген ізгі тілекпен:
    «Спорт жұлдыздары» журналының ұжымы атынан:

    Мұсағали Тасқалиев (бас редактор)
    Алтын Ғабитқызы (бас редактордың бірінші орынбасары)
    Еркін Бақтияров (бас редактордың орынбасары)
    Орынгүл Райымқұлқызы (қаржы жөніндегі директор)
    Жандос Аянбекұлы (шеф-редактор, Астана-Алматы филиалының директоры)
    Болатбек Сағымбаев (баспасөз тарату бөлімінің басшысы)
    Алтынгүл Төлеуқызы (БҚО филиалының директоры)
    Даража Жакаева («Спорт жұлдыздары» журналының «Ақниет» шығармашылық ордасы директоры).

    АҚТӨБЕ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *