• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Былтыр УЕФА 4,5 миллиард еуро пайда тапты

    Өткен жылғы ең табысты турнир Чемпиондар лигасы болды.

    Еуропа футбол одағы (УЕФА) өтен жылдың қорытындысы бойынша 4,58 миллиард еуро пайда тауыпты. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлайды.

    Жалпы табыстың 2,16 миллион еуросы телеарналарға сатылған құқықтардан түскен. 928 миллион – комменциялық құқықты сатудан, 286,5 миллион – билеттердің сатылымынан, 142,4 миллион түрлі қызметтерден. Ал алдыңғы жылы УЕФА-ның жалпы табысы 286,5 миллион еуро болған еді.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша, ең табысты турнир – Чемпиондар лигасы болыпты. Бұл турнирден ұйым 1,65 миллион еуро кіріс кіргізген. Коммерциялық құқық арқылы – 387 миллион, билеттердің сатылымынан – 13,8 миллион, басқы қызметтер арқылы – 13,5 миллион еуро пайда түскен.

    Ал УЕФА-ның шығынына келетін болса, 2015/16 жылдары ұйым 2,27 миллион еуроны бәсекелерде бақ сынаған клубтарға сыйақы ретінде берсе, 537,7 миллион турнирлерді ұйымдастыруға жұмсаған. Жалпы өткен маусымда УЕФА 3,31 миллардқа шығындалған. 

    kaz.vesti.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *