• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда «Алаш» футбол клубы құрылды

    Ардақты, Алаш жұрты, қымбатты, Қазақ Елі, тəңірге мың тəуба, бүгінде жасқанбай жар салып қуанар, сүрінбей сүйіншілеп айғайлап айтар жаңалықтар күн сайын көбеюде.

    Соның бірі де, бірегейі — Алматы қаласында жаңа дарын, жасөспірімдерді дайындайтын қаракөз балаларымыздан жасақталған «Алаш» футбол клубы құрылды. Бұл идеяның жүзеге асуында, алға қадам басуына тікелей ұйытқы болған Республикалық Спорт колледжінің директоры, халқымыздың қайраткер ұлы, ел ағасы Амалбек Қозыбақұлы Тшанов екенін мақтанышпен айтамыз.

    «Алаш» футбол клубының негізгі мақсаты — ұлтымыздан шыққан жас дарындарға қолдау білдіре отырып, қазақ футболының əлемдік спортта өзіндік қолтаңбасын қалдырып, миллиондарды арбаған аяқдоптың дамуына тың серпін, сүбелі үлес қосу. Аты аңызға айналған «Қайрат» пен басқа да айтулы командаларымызға жанкүйерміз, əрине. Дегенмен, олардың бəрі кеңестік спорт мектептерінің өкілдері. Ал «Алаш» тəуелсіз қазақ елінің туын көтеретін тың тарихтан бастау алатын ұлтық команда. Ендеше,жақсы іске жаршы, жаңалыққа жарыса жарнамашы болайық ағайын!

    Тағы да баса айта кететін мəселе — егер де еліміздің түпкір-түпкірінен келіп, аталған клубта ойнағысы келетін дарынды жастар болса, «Алаш» клубының есігі əрқашан да айқара ашық!

     

    Қуаныш НҰРДАНБЕК,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *