• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тарбағатайда Толағайлар төс түйістіреді

    15-17 маусым күндері Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат кеңшарында қазақ күресінен ересектер арасында Ырғызбай Досханаұлы атындағы Әлемдік Гран-при жарысы өтеді.
    Бүгін Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы осы жарыстың ережесін жариялады. Аталған ұйымның бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, жыл сайын 20 мыңға жуық жанкүйер қызыға тамашалайтын жарыстың көрермендері биыл да одан аспаса аз болмайды. «Былтыр ауданда өткізілсе де деңгейі жағынан кез-келген әлемдік додадан кем түспейтін белдесулерді 16 мың жанкүйер тамашалаған. Онда ұйымдастырушылар 12 жылқы сойып, 40 қазанға ет асқан. Бұл жарыс сонысымен ел арасында нағыз күрестің мерекесіне айналған. Осыны жер-жүзінің әр түкпірінен келген палуандар да бас бармағымен бағалап кеткен. Енді биылғы күресті де біз жақсылап өткізуді мақсат етіп отырмыз. Осы жолы да жанкүйерлер қазақ күресін ғана емес, аламан бәйге, топ бәйге, көкпардан өтетін жарыстарды тамашалайды», дейді Серік Төкеев мырза.
    Ендеше, жарысты өз көзімен көремін деген жанкүйерлер мен білегін түріп күрескісі келетін палуандардың назарына Әлемдік Гран-Придің ережесін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

    1. ЖАРЫСТЫҢ МАҚСАТЫ

    1.1. Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын өркендету;
    1.2. Ұлттық спорт түрі – қазақ күресін әлемдік деңгейде дамыту, имиджін көтеру.
    1.3. Салауатты өмір салтын насихаттау;
    1.4. Қазақ күресінен әлем бойынша мықты палуандарды анықтау;
    1.5. Әлемдік Гран-при аясында топ бәйге, аламан бәйге және көкпар ойындарынан жарыс жүргізіп, ұлттық нақыштағы спорттық ойындарды халықаралық деңгейде насихаттау.

    2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    2.1. Жарысты өткізу шарттары осы Ережеге сәйкес атқарылады;
    2.2. Жарыстың өткізілуіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы алады (әрі қарай-Федерация);
    2.3. Жарысты тікелей өткізу федерациямен бекітілген төрешілер алқасына жүктеледі.

    3. ЖАРЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫ

    3.1. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлемдік Гран-при 2018 жылдың 15-17 маусымында Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат кеңшарының орталық стадионында өткізіледі.
    Жарысқа қатысушылардың Өскемен қаласына келу күні: 15-маусым, 2018 жыл.
    Мандат комиссиясының отырысы және жарысқа қатысушылардың салмақ өлшеуі: 16-маусым, 2018 жыл.

    4. ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ БАҒДАРЛАМАСЫ

    Мерзімі
    Уақыты Өткізілетін шара
    15.06.2018 ж. 9:00-13:00

    15:00-17:00 UWW комиссиясының, жарысқа қатысушылар мен төрешілер алқасы мүшелерінің Өскемен қаласына келу күні.
    Қазақ күресі ережелері бойынша төрешілер семинары.

    16.06.2018 ж. 09:00-13:00

    16:00-16:30

    17:00 -18:00
    Жарысқа қатысушы командалар мен төрешілердің аккредитациясы (Әлемдік Гран-приге қатысуға сұраныс, мемлекеттік тулардың, гимндердің, жаттығу кестесінің, күртешелердегі жазбалардың болуын, спортшылардың паспорттарының тіркеуден өткізілуін, жарысқа келушілердің қайту сапарларының кестесін тексеру)
    Медициналық тексеріс.

    80, +80 кило салмақ дәрежелерінде жарысқа қатысушылардың ресми өлшену рәсімінің өтуі.
    Жеребе тастау рәсімі.
    17.06.2018 ж. 10:00- 12:00

    12:00-12:45

    13:00 -14:30

    17:00-18:00 80, +80 кило салмақ дәрежелеріндегі жарыстардың басталуы.
    Әлемдік Гран-при сайысының салтанатты ашылу рәсімі

    Түскі үзіліс

    Финалдық және жартылай финалдық кездесулер. Әлемдік Гран-при жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау.

    5. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУДІҢ ШАРТТАРЫ

    5.1. Жарыс 2011 жылы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетімен және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясымен бекітілген ережелерге сәйкес өткізіледі;
    5.2. Көкпар, топ бәйге және аламан бәйге ұлттық ат спорты сайыстары
    Ұлттық спорт түрлері ассоциациясымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен бекітілген ережелерге сәйкес өткізіледі;
    5.2. Қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлемдік Гран-приге Қазақстан және шет ел мемлекеттерінің құрама командалары қатысады.
    5.3. Жарысқа қатысушы құрама командалар өз елінің азаматтығы бар спортшыларды ғана қатыстыруы тиіс;
    5.4. Әлемдік Гран-при ерлер арасында 80 және + 80 келі салмақ дәрежелерінде өткізіледі. Жарысқа қатысатын палуандардың жасы жарыс өткізілетін сәтте 18 жастан кіші болмауы тиіс;
    Жарыстар форматы — жеке.
    5.5. Әр елден қатысушылар құрамасы: 2 спортшы (әр салмақ дәрежесінде
    1 спортшыдан) және 1 команда өкілі.
    Шет елдерден келген құрама командаларға қойылатын талаптар: жарысқа қатысушы спортшылар самбодан немесе олимпиадалық күрес түрлерінен (дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі) ұлттық чемпионаттардың, 2017 жылғы әлем кубоктарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары болуы тиіс.

    6. ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ САЙЫСЫНЫҢ
    ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ

    6.1. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы есебінен:
    — шет ел құрама командалары 2 спортшысының және 1 команда өкілінің бару-қайту жол ақысы, тәуліктік ақы, жарыс кезінде тамақтану, жатын орын шығындары;
    — шет ел құрама командалары спортшыларның Халықаралық күрес қауымдастығынан (UWW) жарысқа қатысуға берілетін лицензиясына төленетін шығындар (әр спортшыға 100 еуро есебінен);
    — жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған ақшалай сыйақы шығындары;
    — Халықаралық күрес қауымдастығы (UWW) комиссия мүшелерінің тамақтану, жатын орын және жарысқа бару және қайту жол шығындары;
    — жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау (дәрежелер бойынша дипломдар мен медальдар, жарысқа қатысушы спортшыларға берілетін сертификаттар) шығындары;
    — қазақ күресінен Әлемдік Гран-при аясында өткізілетін ат спорты сайысының жеңімпаздарын марапаттау шығындары: 15 км. қашықтықтағы топ бәйге жеңімпазына 2018 жылы шығарылған LADA Granta sedan 1,6 MT Classic автокөлігі, және 25 км. қашықтықтағы аламан бәйге сайысының жеңімпазына LADA 4×4 3 drs автокөлігі, көкпар сайысының жеңімпазына 2018 жылы шығарылған LADA Granta sedan 1,6 MT Classic автокөлігі.
    6.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы есебінен:
    — қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушының, бас жаттықтырушының және Қазақстан ұлттық құрама командасы басшысының іссапар шығындары (жатын орын, жол шығындары, тәуліктік ақы).
    — Қазақстан ұлттық құрама командасы спортшыларына Халықаралық күрес қауымдастығынан берілетін лицензия шығындары (әр спортшыға 100 евро есебінен), сонымен қатар ұлттық құрама спортшыларының жарыс кезіндегі тамақтану, жатын орын, сақтандыру полисі және жол шығындары.
    — Әлемдік Гран-приге қатысушыларды қазақ күресі формасымен қамтамасыз ету шығындары.

    6.3. Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы есебінен:
    — Әлемдік Гран-при сайыстарының салтанатты ашылуын және жабылуын жүргізуге қатысты шығындар;
    — жарыс өткізілетін орынды дайындау шығындары (екі күрес кілемдерімен, электрондық таблолармен, жеңімпаздар тұғырымен және кеңсе техникасымен қамтамасыз ету);
    — өкілдіктік шығындар (автокөлікпен қамтамасыз ету);
    — Әлемдік Гран-придің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты қосымша шығындар;

    7. МАРАПАТТАУ

    7.1. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежеде медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталады;
    7.2. Барлық спортшыларға Әлемдік Гран-приге қатысқандығы туралы куәлік беріледі;
    7.3. Ат спорты сайыстарының жеңімпаздарын марапатталуы: 15 км. қашықтықтағы топ бәйге жеңімпазына 2018 жылы шығарылған LADA Granta sedan 1,6 MT Classic автокөлігі, және 25 км. қашықтықтағы аламан бәйге сайысының жеңімпазына 2018 жылы шығарылған LADA 4×4 3 drs автокөлігі, көкпар сайысының жеңімпаздар командасына 2018 жылы шығарылған LADA Granta sedan 1,6 MT Classic автокөлігі.

    Ескерту: Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын шет ел құрама командаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйақы фондынан және автокөліктің жалпы құнынан 20 % кіріс салығын төлейді. Қазақстан Республикасының резиденттері 10%.

    8. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    8.1. Жарысқа қатысушы әр спортшы мандаттық комиссияға төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруы тиіс:
    — спортшының медициналық тексеруден өткендігі және жарысқа қатысуға жарамдығы туралы дәрігер мөрімен бекітілген анықтама (құжатта толық аты-жөні, туған күні, айы, жылы, оқу немесе жұмыс орны, жеке куәлік нөмірі мен берілген мерзімі, мекен-жайы және байланыс нөмірі көрсетілуі тиісті);
    — сақтандыру полисі;
    — Халықаралық күрес қауымдастығынан қазақ күресінен халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат лицензиясы;
    Ескерту:
    — Ұлттық командалардың әрқайсысы өз мемлекеттерінің екі туын және таспаға басылған мемлекеттік әнұранын ұйымдастыру комитетіне тапсыруы тиіс.
    — Әр спортшы салмақ өлшеуге дейін төлқұжатының 2 данасын, 3х4 өлшеміндегі суретін жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысына тапсыруы тиіс.
    — Ұшақ билетінің көшірмесі (құнының көрсетілуімен) және отырғызу талоны.

    8.2. Барлық спортшылар Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) кодексінің ережелерін ұстанулары тиіс. Допингке қарсы кодекс ережелері бұзылған жағдайда спортшыларға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Кодексіне сәйкес жазалау шаралары қолданылады. Спортшы допинг-тесттен өтуден бас тартқан немесе келмеген жағдайда жарыстан шеттетіледі.
    Допинг-тест оң нәтиже беріп немесе спортшы жарыстан шеттетілген жағдайда, жарысқа қатысушы Ұйымдастыру комитетінің оның тамақтануына, жатын орнына, бару-қайту жолына, сыйақысына жұмсаған шығындарын толыққанды қайтаруға міндеттеледі.

    9. ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ
    РЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ

    Әлемдік Гран-приге қатысуға өтінім 2018 жылдың 25-мамырына дейін kazakhkuresi01@gmail.com немесе + 7 (717) 295-45-47 нөмірі бойынша берілуі тиіс.

    № Аты-жөні, туған күні, айы, жылы, спорттағы атағы, салмақ дәрежесі, үздік көрсеткіші, бапкері, айналысатын спорт түрі, дәрігердің рұқсат қағазы

    Ұйымдастыру комитеті

    3 пікір

    1. Допингке қарсы кодекс ережелері бұзылған жағдайда спортшыларға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Кодексіне сәйкес жазалау шаралары қолданылады.

    2. не дозваниваюсь по этим номерам

    Жауап жазу Асия Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *