• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ күресі: ерлер арасындағы Еуропа чемпиондары анықталды

    Қазақ күресінен Сербияның Зренянин қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ерлер арасындағы алғашқы күнгі белдесулері тартысқа толы болып, топжарған палуандардың жаңа есімдері анықталды.

    Кәрі құрлықтың 17 елінен келіп жеткен палуандар намысты қолдан бермей жеңіс  үшін жан аямады. Әсіресе, жергілікті Сербия командасының палуандарының төл күресімізді  ерекше меңгеріп алғандығы таңғалдырды.

    Сонымен қатар, Ресей мен Словакия  мемлекеттерінің палуандарының да өнеріне қол соғуға тұрарлықтай болды. Қазақ күресінің осындай қарқын ала бастағаны туралы  Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының  бірінші вице-президенті Серік Адамұлы  Түкеев мырза «Осындай Еуропа елдерінің қазақ күресіне деген қызығушылығының арта түсуі, ол төл күресіміздің мәртебесін жоғарлата отырып, шет мемлекеттерде ұлттық күресімізден федерацияларды құрып, ашып қана қоя салмай,  олардың табанды жұмыс жасауын қадағалап, қолдау көрсетіп отыруымыз керек»  деген президентіміз Ислам Әлмақанұлы Әбішевтің жүйелі жұмысының жемісі» – деп пікірін айтқан болатын.

    Расымен де  осыдан 20-30 жыл бұрын қазақ күресінің Еуропа ареналарында  атой саларын біліп, болжау тек сөз жүзінде болса, енді алаштың арманы орындалып келе жатқандығына қуанбасқа болмас.  Енді,  бес салмақ және абсолюттік ауыр салмақ дәрежелері бойынша жеңіс тұғырына көтерілген чемпион палуандардың есімдерін айтсақ. 70 кг салмақта Сербиялық Никола Галич, 80 кг салмақта  израилдық  Дима Капинчюк, 90 және 100 кг салмақтарда Ресейдің Қарашай-Черкесия Республикасының спортшысы Рамазан Тота мен  Андрей Гусарев, +100 кг және түйе палуандар арасындағы финалдық жекпе-жекте словакиялық Мартин Аната чемпион атанып, қошеметке ие болды.

    Осылайша қазақ күресінен төртінші Еуропа аламанының алғашқы күнгі жекпе-жектері аяқталды. Енді бозкілем төріне әйелдер алты салмақ дәрежесі бойынша күш сынасатын болады.  Бұрымдылар арасындағы бәсекелердің нәтижелерін алдағы уақытта назараларыңызға ұсынатын боламыз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Зренянин қаласы (Сербия)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *