• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тимур Құлыбаев ардагерлерді мерекемен құттықтады

    Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев тыл ардагерлері мен отандық спорттың аңыздарын мерекемен құттықтады.

    Атақты боксшы, Қазақстандағы көптеген спорттың дамуына үлес қосқан ардагер Виктор Семенович Садчиков, КСРО-ға танымал жеңіл атлет, 1956 жылғы Мельберун Олимпиадасының қатысушысы Евгений Семенович Кадяйкин және КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, коньки спортынан еліміздегі тұңғыш спорт шебері Мая Хвандарға Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті 1945 жылғы жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мерекемен құттықтады.

    «Ұлы жеңіс күні қарсаңында бейбітшілік пен тыныштықтың орнауына, елімізді азат етуге қосқаң үлестеріңізге алғыс айтамыз. Сіздердің ерліктеріңіз болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бүгінгі ашық аспан мен жарқын өміріміз үшін сіздерге мәңгі қарыздармыз», — делінген құттықтауда.

    Жиын барысында Ұлттық Олимпиада Комитеті атынан ардагерлерге құттықтау хаты мен ақшалау сыйлық табыс етілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *