• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жылысай жарысы жыл сайын жалғасады

    Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан Жылысай жарысы мәресіне жетті.

    Бұл жолы дәстүрлі турнирді 1977 жылы туған азаматтар ұйымдастырды. Тартысты өткен сайыста бірінші орынды Балғабаевтар, екінші орынды Досымбаевтар, үшінші орынды «Жылысай жастары» командасы еншіледі. Топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалға жетіп тоқтаған 1974 жылғы азаматтардан жасақталған командаға да қаржылай сыйлық табыс етілді. Үздік қорғаушы, үздік шабуылшы және үздік қақпашы аталымдары бойынша да ойыншыларға арнайы жүлде тапсырылды.

    – Ай сайын жүзеге асып келе жатқан турнирдің алғашқы додасын 1989 жылы өмірге келген жігіттер өткізіп берсе, екінші сайысты ауылдың азаматтары ұйымдастырды. Одан кейін 1982 және 1984 жылы туған азаматтар игілікті істі жалғастырып, жарыс өткізді. Осы ақжарылқап жобаның жүлгесін үзбей, дәстүрді бұзбай бесінші турнирді өткізуді 1977 жылғы азаматтарға жүктеген болатын. Буыны толық  қатпаған жасөспірім ойыншылардың арасында дарынымен ерекшеленгендері болды. Жасы елуге таяған ардагер ойыншылардың да шалт қимылына да көрермендер қызыға қол соқты, – дейді турнирді ұйымдастырушы Ғалым Болатұлы.

    Әуесқой футболшылардың асыға күтетін додасының кезекті жарысы желтоқсан айында жалғасын таппақ.

    Н.ЕСІМБАЙ,

    АЛМАТЫ    

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *