• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ таэквондошылары алты жүлде алды

    29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Беларусьтің астанасы Минск қаласында таэквондоның ITF тұжырымы бойынша өткен Әлем Кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Семей спорт академиясының шәкірттері де қатысты.

    Осы жарыста туль дан семейлік қос мықты Дамир Советхан Әлем Кубогында 2 алтын, Аңсар Төкенов 1 алтын жүлдені қоржынға салды. Ал 14 – 15 жас аралығында сынға түскен Темірлан Қадыржанов 60 кило салмақта 3 орын алса, 50 килода Диас Жанатбаев та қола медаль алды.

    Қыздар арасында 14 – 15 жас аралығында даянгқа шыққан Алина Джуанишева 60 килода 3 орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Наргиз Есімжанова, Еркежан Бейсенғали, Алмат Қапановтар өз салмақтарында 5 және 6 орындардан көрінді. Айта кетейік, Минскідегі Әлем Кубогына таэквондошыларды Семей спорт академиясының таэквондо бөлімінің жоғары дәрежедегі жаттықтырушысы Махаббат Советхан бастап барды.

    Семей спорт академиясының баспасөз қызметі