• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    BAQ league. Журналистер лигасының екінші маусымында 14 команда

    Осы сенбі елордада шағын футболдан Журналистер лигасының жазғы маусымы басталады. Бүгін Астана футбол федерациясының кеңсесінде команда өкілдерінің қатысуымен жиналыс рәсімі өтіп, біріншіліктің жай-жапсары талқыланды. «Тарлан-Арена» спорт кешенінің шағын футбол алаңында өтетін біріншілік әр сенбі және жексенбі сайын сағат 15:00-ден басталады. Біріншіліктің ашылу салтанаты 20 мамыр сағат 18:00-де. Ойындардың далада өтетінінен бөлек, жазғы маусымның басты ерекшелігі – Журналистер лигасының біріншілігінен бөлек, кубоктық ойындар да қатар жүреді. Кубоктық доданың бірінші кезеңі 27 мамырда өтеді. Жиналыс барысында футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешісі Төрехан Турсымбаев команда өкілдеріне Журналистер лигасы жазғы маусымының толық ережесін түсіндіріп, біріншіліктің қалай, қандай жүйеде өтетінін айтты. Соңынан Астана футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов пен өткен маусымның үздік ойыншысы Нұрсұлтан Құрман біріншіліктің жеребе тарту рәсімін өткізіп, Журналистер лигасының бірінші турында қай командалардың кездесетінін анықтады. BAQ league 1-тур (20.05.17, сенбі) 15:00. ЦАИ МИК РК – Жеңіс 16:00. Sports 1959 – Хабар-24 17:00. ҚазСпорт – Хабар 18:00. Ашылу салтанаты. 18:20. ҚазМедиа – Қазақстан 19:00. Ел арна – Dixinews.kz 20:00. Егемен Қазақстан – Қазақ радиосы 21:00. Елорда-ақпарат – ТК Астана Журналистер лигасының ақпараттық серіктестері: «ҚазМедиа» орталығы, «Астана» футбол клубы, «Қазспорт» инстаграм парақшасы, «Life Football» дүкені, «Алмазная су» компаниясы. Baq league біріншілігінің турнир кестесімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.https://sportsffa.kz/kz/ffa/mini-football/news/171371545-BAQ-league-gurnalister-ligasynyng-ek%D1%96nsh%D1%96-mausymynda-14-komanda/  © sportsffa.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *