• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қарт құрлықта қазақ күресінен Еуразия кубогы турнирі өтеді

    22-23 желтоқсанда Нидерландыда қазақ күресінен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мен Біріккен күрес әлемінің  (UUW) ұйымдастыруымен Еуразия кубогы үшін жарыс жалауын желбіретеді.

    Оған Еуразияның ең мықты 10 елінің, атап айтқанда, Қазақстан, Бельгия, Германия, Голландия, Грузия, Беларусь, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен  Тәжікстанның палуандары қатысады. Айтулы жекпе-жектің жүлделі қоры теңгемен есептегенде – 20 млн теңге. Сондықтан да бұл бәсекенің тартысты өтетіндігінде дау тумас. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен қазақ күресінің тарихы мен ережесі туралы семинар кеңес өтеді. Оған жаттықтырушылар қатысады.

    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының 19 жылдан бері жер-жүзіне ұлттық күресімізді насихаттап, танытып келе жатқанын білеміз. Айтулы қауымдастықтың президенті, білгір басшы Ислам Әлмақанұлы Әбішевпен бірге осы  қауымдастықта көп жылдан бері өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан ұйымның бірінші вице-президенті Серік Адамұлы Түкеевтердің  алға қойып отырған басты мақсаты сол, ұлттық күресімізді әлемнің 5 құрылығына қолдан келгенше дәріптеп, насихаттай отырып, Олимпиада белесіне алып шығу. Ендеше, қазақ күресін кәрі құрылықтағы дамыған мемлекеттің бірі Голландия жерінде жекпе-жек ұйымдастырып, төл күресіміздің ерекшелегін көрсетудің жолы түсіп отыр екен. Сонымен, қазақ күресінен қызғалдақтылар елінде өтетін аламан жекпе-жектерден тың ақпараттарды  алдағы уақытта назарларыңызға ұсынатын боламыз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *