• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ күресінен Африка чемпионаты өтті

    19-20 мамыр күндері Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында осымен екінші рет қазақ күресінің жалауы желбіреді.
    Осы елде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен Африка чемпионатына 15 мемлекеттің өкілдері қатысты.
    Жарыстың соңында чемпиондар мен жүлдегерлер марапатталып, ақшалай сыйлық алды. Сонымен бірге чемпионаттың бағдарламасы мен тәртібі бойынша төрешілер, команда өкілдері мен спортшыларға қазақ күресінен семинар өткізілді. Оны жоғары дәрежедегі халықаралық төреші Нұрлыбек Ермағамбетов пен федерацияның менеджері Эльмира Байбосынова өткізді.
    Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеевтің айтуынша, құрлықтық чемпионаттың деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Осы ретте жарыстың жақсы өтуіне көмектескен төл күресімізден Африка федерациясының президенті Хусейн Наркерге алғыс айтамыз. Бұл сынның бір ерекшелігі, алғаш рет екі салмақ бойынша əйелдер арасында белдесулер өтті.

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *