• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Аударыспақтың жасөспірім балуандары анықталды

    Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.

     2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 килодан жоғары салмақта сынға түсті.

    Аударыспақтан VІII рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері

    40 кило салмақта:

    1 орын – Мейірман Әріпов (Ақтөбе облысы)

    2 орын – Азамат Жұмабек (Түркістан облысы)

    3 орын – Айбек Жапаров (Жамбыл облысы)

    4 орын – Саясат Аманқұлов

    50 кг салмақта:

    1 орын – Бекзат Қамбар (Түркістан облысы)

    2 орын – Абай Тұрсынбаев (Ақтөбе облысы)

    3 орын – Сұңқар Тәукебаев (Алматы облысы)

    4 орын – Жалғас Орынбасар (Жамбыл облысы)

    60 кило салмақта:

    1 орын – Мирас Берікбаев (Батыс Қазақстан облысы)

    2 орын – Еділ Ерболатұлы (Алматы қаласы)

    3 орын – Әлішер Сәлімжанов (Ақтөбе облысы)

    4 орын – Бекзат Қапашев (Маңғыстау облысы)

    70 кг салмақта:

    1 орын – Расул Құрайыш (Түркістан облысы)

     2 орын – Төлеген Мадияр (Қарағанды облысы)

    3 орын – Ағаділ Ахатбек (Жамбыл облысы)

    4 орын – Айдос Балаев  (Алматы қаласы)

    70 килодан жоғары  салмақта:

    1 орын – Аслан Есенғарин (Ақтөбе облысы)

     2 орын – Асланбек Сүндетов (Жамбыл облысы)

    3 орын – Айдар Ділдабек (Алматы облысы)

    4 орын – Азамат Қасымов  (Алматы қаласы)

     

    Көкпар спортының топтық кездесулер нәтижелері:

    24.06.2019 ж.

    Қызылорда –  Маңғыстау.  Есеп – 8:3.

    Алматы облысы – Батыс Қазақстан. Есеп – 10:3

    Жамбыл облысы – Ақмола облысы.  Есеп – 11:0

    Алматы қаласы – Ақтөбе облысы. Есеп – 8:1.

     

    25.06.2019 ж.

    Түркістан – Қызылорда. Есеп – 7:2

    Алматы қаласы – Ақмола. Есеп – 4:0

    Ақтөбе – Жамбыл. Есеп – 6:4

    Алматы – Маңғыстау. Есеп – 7:3

     

    26.06.2019 ж.

    Қызылорда – Батыс Қазақстан. Есеп – 5:2

    Маңғыстау – Түркістан. Есеп – 6:0

    Жамбыл – Алматы қаласы. Есеп – 7:2

    Ақтөбе – Ақмола. Есеп – 9:1

    27.06.2019 ж.

    Түркістан – Алматы облысы. Есеп – 9:1

    Маңғыстау – Батыс Қазақстан. Есеп – 0:3

    Жанкүйер жадына салып өтелік, чемпионат бағдарламасына сәйкес, 29 маусым күні теңге ілу мен жамбы ату бәсекелері тамашаланады. Көкпардың финалдық ойындары мен жарыстың жабылу салтанатты 30 маусымға жоспарланған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *