• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Арландар» футбол клубы Халықаралық Брага кубогын жеңіп алды

    Португалияның Брага қаласы 2018 жылдан бері Еуропаның спорт қаласы атанған. Өткен жылдан қазіргі күнге дейін спорттың түр-түрінен әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды ұйымдастырды. Соның бірі – футболдан балалар арасындағы Брага кубогы.

    Бұл жарысқа 9 елден 98 команда қатысты. Барлығы 1 800 футболшылар 7 жас категориясы бойынша бақ сынасты. Біз соның U13, U11 жас санаты бойынша қатыстық. Қарсыластардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Онда Еуропаның «Бенфика», «Спортинг» секілді атақты футбол клубтары мен «Гюмараенш» секілді академияның футболшылары өнер көрсетті.

    Қазақстан барлық спорт түрлерін игеріп, осы тек футболды ғана игере алмай келе жатыр. ФИФА-ның рейтингісі бойынша 130 орынның айналасында жүр. Қалай десек те, футболдың отаны саналатын, бізден кемі 50-60 жыл алға озып кеткен Еуропа футболына қарсы ойын көрсету және оларды жеңу – ерлік деп айтуға болады. Брага кубогын жеңіп келген осы қазақтың балалары қандай марапатқа болса да лайық. Олардың ерлігін жеткізу мүмкін емес. Португалиядағыдай сапалы футбол алаңында ойнап көрмеген, олардағыдай жаттықтырушылардан тәлім алмаған, бір сөзбен айтқанда, футболы жоқ елден барып, футболы дамыған елде жеңіске жетті.

    Қазақстан балалар футболы тарихында Португалияның халықаралық турнирінен бірінші рет кубок алған осы балалар. 8 ойын өткізіп жетеуінде ұтты, бір матчта жеңілді. Турнир барысында «Арландардан» жеңілген командалардың еңіреп тұрып жылағанына етіміз үйрене бастағанымен жаттықтырушыларының (барлық стаф) қоса көздеріне ерік бергенін бірінші рет көруіміз. Мұндай жыластан кейін жеңісті бере салғымыз кетеді екен.

    Бәрінен бұрын бұл жеңіс Қазақстан балаларына мотивация болсын, жігерлендірсін деп тілеймін. «Қазақстан балалары футбол ойнай алмайды. Еуропа футболын жеңу мүмкін емес» деген сияқты сыңаржақ пікірлерді ұмытуымыз керек.

    Бұл жеңісіміз Астана күніне тартуымыз болсын дейміз.

    Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтті. Осы жарыста «Арландар» клубыПортугалияда Қазақстанды барынша насихаттады. Телеарналары мен газеттері, радиолары біз туралы айтып, жазып келеді.

    «Арландар» футбол клубы туралы басқа да мәліметтерді www.arlandar.kz сайтынан көруге болады.

     

    Фазылбек ӘБСАТТАР,

    БРАГА,

    ПОРТУГАЛИЯ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *