• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бейбіт Шүменов бокстан кетті

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ресми түрде карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

    Шүменовтің айтуынша, жаттығу кезінде көзінен алған жарақаты тым ауыр болды. Дәрігерлер оған бокстағы жолын жалғастыруға тыйым салды. Себебі, қатты соққы алар болса, көзі көрмей қалуы әбден мүмкін. Боксшы шілде айында кезекті рет ота жасатады.

    Айта кетейік, бүгін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Шүменовті тұрақты чемпион атағынан айырғаны хабарланды. Бейбіт аталған ұйымға денсаулығына байланысты карьерасын жалғастыра алмайтынын жеткізген.

    Шүменовке тиесілі титул енді кубалық былғары қолғап шебері Юниер Дортикосқа берілді. Қос боксшының арасындағы жекпе-жек сәуір айында өтуі тиіс болатын. Алайда, қазақстандық боксшының жарақатына байланысты кездесу кейінге шегерілген еді.

    Шаршы алаңда ол жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежелерінде жұдырықтасқан. Бүгінге дейін барлығы 19 жекпе-жек өткізіп, 17-ін жеңіспен аяқтаса, екеуінде қарсыласына есе жіберді. Ал 11 кездесуін нокаутпен аяқтады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *