• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атамекен Рүстемов — мемлекеттік жаттықтырушы

    Кеше Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің бұйрығымен бұған дейін көкпардан Қазақстанның жастар құрама командасының бас жаттықтырушысы болған Атамекен Рүстемов «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.

    Көкпардан және аударыспақтан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», көкпардан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атанып, Жамбыл облыстық көкпар федерациясының вице-президенті, көкпардан жастар құрама командасының бас бапкері қызметтерін атқарып келген Атамекен Рүстемовті аталмыш лауазымға Ұлттық спорт қауымдастығының басшылығы ұсынған болатын.

    Атамекен Рүстемов – 1984 жылы 22 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында туған. Атамекен Нәбиұлының еңбек жолын ықшамдай айтып өтсек, ол  2002-2004 жылдар аралығында Жамбыл облысы көкпар командасының көкпаршысы, 2004-2008 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Әулие-Ата» көкпар клубында  көкпаршы-нұсқаушысы, 2008-2018 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубында спортшы қызметін атқарған.

    Атамекен Нәбиұлы – 2018 жылдың тамыз айынан бастап  көкпар спортынан жастар құрама командасының бас жаттықтырушысы болды. Ұлттық спорт қауымдастығы өткізген көкпардан республикалық, халықаралық жарыстардың ұйымдастырылуына белсене үлес қосты. Әсіресе, жастар командаларымен оқу-жаттығу жиындарын өткізуде,   ұйымдастыруда өзінің мол тәжірибесі барын дәлелдей білді.  Атап айтқанда, көкпар спортынан жастар арасында 2018 жылы 20-27 тамыз аралығында Петропавлда   өткен Қазақстан чемпионатында, «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінде,  2019 жылғы 14-22 наурызда Қызылордада ел чемпионатында А.Рүстемовтің шәкірттері жоғары нәтижелер көрсетті. Сондай-ақ, 2019 жылдың 16-22 сәуірінде Алматы облысында өткен көкпардан жастар арасында І Азия чемпионатында Атамекен Нәбиұлы жаттықтырған Қазақстан құрама командасының шабандоздары бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионы атанды.

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *