• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: жамбы ату

    Бүгін Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалінің Жамбы ату бәсекесі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Фестивальға Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл мен Атырау облыстарының мергендері қатысты.

    Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан жүлделі орын иелері анықталды. Фестивальдың алтын жүлдесін 33 ұпай иеленген сұрмерген Ералхан Айкөз олжалады. Күміс жүлде 2018 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы қарағандылық Талғат Омарбаевқа, қола жүлде ақмолалық мерген Жалғас Құрманға бұйырды.

    Ұлттық спорттан  V фестивальда жамбы атудан жеңімпаз, жүлдегер атанған спортшылар:

    1 орын – Ералхан Айкөз (33 ұпай) (Түркістан облысы)

    2 орын – Талғат Омарбаев  (25 ұпай) (Қарағанды облысы)

    3 орын – Жалғас Құрман (24 ұпай) (Ақмола облысы)

    4 орын – Абзал Тулыбеков (15 ұпай) (Жамбыл облысы)

    Фестиваль жеңімпазы, бұған дейін жамбы атудан тұңғыш әлем чемпионы атанған   Ералхан мергеннің спорттық жетістіктерімен таныс болыңыздар.  Ералхан Жамбы ату спортымен шұғылдануды ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғани Ахметбаев басқаратын  Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебінде 2014 жылы бастаған.  Жасөспірімдер және жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екі дүркін жүлдегері (2017, 2018), Жастар арасындағы І Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2019), Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (2019), «Алтын жебе» І Әлем чемпионатының чемпионы (2019), ұлттық спорттан V фестивальдің жеңімпазы (2019).

    Еске сала өтелік, ертең Ақтөбе уақытымен сағат 10-да көкпардың финалдық ойындары басталады. Сондай-ақ,  төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын  V Ұлттық спорт фестивалінің  салтанатты жабылуы, жеңімпаз спортшыларды марапаттау рәсімі тамашаланады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *