• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт түрлерінен фестиваль: құсбегілік бәсекесі 

    Ақтөбе қаласының іргесіндегі Ақжар ауылы аумағында өткен құсбегілер бәсекесі кеше аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

     Жарысқа еліміздің 11 өңірінің құсбегі-спортшылары қатысты. Жанкүйерлер саят құстарының еркін ұшыру, қолға шақыру  бәсекелерін, бүркіттің шырғаға, қоянға, түлкіге түскенін, қаршығалардың қоян, кептер ұстағанын, ителгілердің қоянға түсіп, далбайда ойнағанын бірнеше күн бойы тамашалады. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын ұлттық спорт фестиваліндегі құсбегілер  жарысының нәтижесі төмендегідей:

    Бүркіт:

    1 орын – Сармат Абдулкаримұлы (бүркіт – Нарын) (Атырау облысы)

    2 орын – Паң Сейдулла (бүркіт – Ботагөз) (Түркістан облысы)

    3 орын – Қанат Шүленбаев (бүркіт – Сақтан) (Ақмола облысы)

    Қаршыға:

    1 орын – Паң Төлемырза (қаршыға – Гүлсары) (Түркістан облысы)

    2 орын – Бекнияз Қуанышбаев (қаршыға – Алғыр) (Атырау облысы)

    3 орын – Құдайберген Рауилұлы (қаршыға – Қаракөз) (Нұр-Сұлтан қаласы)

    Ителгі:

    1 орын – Айқын Қуанов (ителгі – Ақбалақ) (Маңғыстау облысы)

    2 орын – Медет Шалипов  (ителгі – Ақмоншақ) (Алматы облысы)

    3 орын – Ерлан Кенжетаев (ителгі – Қаракөз) (Ақмола облысы)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *