• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ақтөбеде көкпар жарысы аяқталды

    Ақтөбе қаласында 18 қыркүйекте басталған көкпар додасы бүгін мәреге жетті. Фестивальға қатысқан еліміздің 12 көкпар командасы арасынан үздік шыққан төрт команда таңертеңнен бастап жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.

    Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысы командалары арасындағы бәсеке 3:2 есебімен аяқталып, ақтөбелік көкпаршылар қола жүлдеге қол жеткізді.

    Ал, финалдық ойында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың шәкірттері фестивальдағы көкпар бәсекесінің бас жүлдесін қанжығаларына байлады. «Әулие-ата» (Жамбыл облысы) мен «Құлагер» (Түркістан облысы) арасындағы ақтық ойын 3:1 есебімен аяқталды. Еске сала өтелік, «Әулие-ата» командасы «Құлагер» командасынан биылғы жылы екінші рет басым түсті.

    1 орын – Жамбыл облысының «Әулие-ата» көкпар командасы
    2 орын – Түркістан облысының «Құлагер» көкпар командасы
    3 орын – Ақтөбе облысының «Әлім-ата» көкпар командасы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *