• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

    «Астана» клубының Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды. Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтті. Елордалық команда жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл жолы олар Латвияның «Спартак» ұжымымен кездесетін болды.

    Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 11 немесе 12 шілдеде, ал қарымта кездесу араға бір апта салып өтеді. «Астана» осымен үшінші маусым қатарынан Чемпиондар лигасына қатысайын деп отыр. 2015/2016 маусымында іріктеу сындарынан сәтті өтіп, топтық кезеңге жолдама алған.

    Айта кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қатысқан әзірге жалғыз қазақстандық клуб.

    Сонымен қатар, бүгін Астана уақыты бойынша 17:00-де Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне арналған жеребе тартылады. Бұл уақытта «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар) және «Ордабасы» (Шымкент) клубтарының қарсыластары белгілі болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *