• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Алтын тұлпар – Жайық жағасындағы» аламан бәйге аяқталды

    «Алтын тұлпар»  алғаш рет  Атыраудың төсін бір дүбірлетті. Бесінші мәрте ұйымдастырылған 51 шақырымдық ат жарысын тамашалау атыраулықтарға бұйырды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығының Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен аламанда он екі өңірдің қырыққа жуық жүйрігі бақ сынады. «Nur Otan» партиясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен бәйгенің бас жүлдесі 10 млн теңге. Ал 9 атқа жүлде берген сайыстың жалпы жүлде қоры 22 млн теңге болды, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы.

    2017 жылғы «Алтын тұлпарда» Тараздың тұлпары «Самалдан» арқан бойы ғана артта келіп, екінші орынды иеленген Жетісудың жүйрігі «Қоянқасқаны» арада екі жыл өткенде иелері Қызылорда облысы атынан «Алтын тұлпарға» тағы да баптап қосты.  «Қоянқасқа» сәйгүлік бұл жолы нағыз бабында екен. Ат иесі Маханов Бердібектің айтуынша бұл жарысқа жүйрікті бір ай бойы Атырауда арнайы баптаған екен. Ат бапкерінің еңбегі ақталып «Қоянқасқа» жарыс жолына шыққан қырыққа жуық сәйгүліктің  алды болып, 10 миллион теңгелік бас бәйгені олжалап қайтты.

    Жанкүйер жадында болса,  «Алтын тұлпар» республикалық турнирінің бас бәйгесін 2014 жылғы бәйгеде 75 жүйрік арасынан «Бақторы», 2015 жылғы бәйгеде 96 жүйрік арасынан «Самал», 2016 жылғы бәйгеде 78 жүйрік арасынан «Жаннұр», 2017 жылғы бәйгеде 37 жүйрік  арасынан екінші рет «Самал» бас бәйгені ұтқан еді.

    «Алтын тұлпар – Жайық жағасындағы» аламан бәйгеде жүлде алған жүйріктер:

    1-орын: Қызылорда облысынан келген «Қоянқасқа» атты ағылшын тұқымды жирен бие. Шабандозы – Ғалымнұр Ноғайбек, ат иесі – Бердібек Мыханов, бапкері – Қуат Әбсалямов (10 млн теңге).

    2-орын: Жамбыл облысынан келген «Шымшық» атты 7 жастағы будан торы бие. Шабандозы – Алдияр Сансызбай, ат иесі – Жасұлан Әбдібеков, бапкері – Мақсат Мураханбаев (5 млн теңге).

    3-орын: Жамбыл облысынан келген «Дос» атты 5 жастағы арабы торы айғыр. Шабандозы – Нұр Сайлау, ат иесі – Елдос Сұлтанбеков, бапкері – Серік Әлімбеков  (2 500 000).

    4-орын: Маңғыстау облысынан келген «Айтөбел» атты 5 жасар қоңыр будан айғыр. Шабандозы – Ерболат Жаңбырбаев, ат иесі әрі бапкері – Келдібай Ибраев (1 500 000).

    5-орын: Атырау облысы Махамбет ауданынан келген «Жезкиік» атты ағылшын тұқымды 7 жасар құла бие. Шабандозы – Инапхан Нұрасыл, ат иесі – Марат Өтепов, бапкері – Қанат Махаметәлиев (1 млн теңге).

    6-орын: Атырау облысы Жылой ауданынан келген 2-ші нөмірлі «Жетіқазына» атты будан айғыр. Шабандозы – Жандәулет Шалабеков, ат иесі – «Бақай» корпарациясы, бапкері – Азамат Піржанов (750 000).

    7-орын: Алматы облысы Аққайнар ауылынан келген 16-шы нөмірлі «Жаужүрек» атты 4 жастағы қазақы күрең айғыр. Шабандозы – Ерасыл Әділбек, ат иесі – Бекарыс Үмбетов, бепкері – Заңғар Байқанбаев (550 000).

    8-орын: Алматы облысы Талғар ауданынан келген 27-ші нөмірлі «Өскемен» атты 4 жасар ағылшын тұқымды торы айғыр. Шабандозы – Нұрболат Сүнетай, ат иесі – Мерхат Бұлғынов, бапкері – Нұржігіт Табылдиев (400 000 теңге).

    9-орын: Атырау облысы, Индер ауданынан келген 21-ші нөмірлі «Амина» есімді 6 жастағы көк бие. Шабандозы – Бақдәулет Есімжан, ат иесі әрі бапкері – Олжас Шонышев (300 000 теңге).

    Сонымен биылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінде осы аттары аталған тоғыз тұлпар жүлде алды. Аламан бәйгенің жеңімпаздарын «Nur Otan» партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Жамбылұлы, Ұлттық спорт қауымдастығының Бас хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов қатарлы азаматтар марапаттады.

    (Биылғы «Алтын тұлпарда» «Қоянқасқа» сәйгүлік бас бәйгені алды)

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *