• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстандық клубтардың Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

    УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасының бірінші раундына арнап жеребе тартылды.

    Бұл турнирде Қазақстан атынан «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы» командалары қатысады. Олар жарысты бірінші кезеңнен бастайды.

    «Қайрат» бұл сында Литваның «Атлантас» командасымен кездессе, «Ордабасы» босниялық «Широки Бриег» ұжымымен күш сынасады. Ал «Ертістің» қарсыласы — болгариялық «Дунав».

    «Қайрат», «Ертіс», «Ордабасы» командалары алғашқы ойындарын 29 маусым күні өз алаңдарында өткізсе, қарымта кездесу 6 шілдеге белгіленді.

    Осыған дейін Чемпиондар лигасында «Астананың» қарсыласы Латвияның «Спартак» командасы екені хабарланған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *