• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бердіқұлов байқауы басталды

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті журналистер арасында қоғам қайраткері, публицист, қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұловтың атындағы байқаудың болатынын хабарлады.

    Сыйлық жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылады. Оның ішінде екі сыйлық — мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қазақ тілінде жарияланған материалдарға, бір сыйлық — орыс тілінде шыққан материалға белгіленген.

    • Үміткерлер әлем және Азия чемпионаттарына, әлем кубоктарына, халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.),
    • БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен ойындар (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) мен басқа да жарыстарға арналған материалдарды қамтуы тиіс.
    • Сондай-ақ, елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету,

    лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.

    Байқауға 2019 жылы шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады.

    Өтініштер мен мақалалар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, Министрліктер үйі, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінде («2019 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.

    Қабылдау мерзімі — 2019 жылдын 13 желтоқсанына дейін. Өтінімдерді rauhan_13@bk.ru адресіне де жібере аласыздар.

    Байқаудың жеңімпаздары «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады. Аталған мәліметті  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (www.sport.gov.kz)  мен Ұлттық штаттық командалар дирекциясының ресми сайттарынан таба аласыз. Лауреаттардың аты-жөні ақпарат құралдарында және жоғарыда аталған сайттарда жарияланады.

     

    Қосымша мәлімет алу үшін мына телефон номеріне хабарласуға болады  87711838853

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *