• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Астана» «Манчестер юнайтедпен» ойында тарихи жеңіске жетті

    Бүгін футболдан «Астана» клубы Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында Англияның «Манчестер юнайтед» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, осы ойынға әдейі үшінші құрамын әкелген ағылшын клубы елдеріне ұпайсыз қайтты.

    Кездесуде бірінші қонақтар есеп ашты. 10-минутта Джесси Лингард алаң иелерінің қақпасына әдемі гол соғып, «Манчестер юнайтедті» алға шығарды. Одан кейін «Астана» есепті теңестірді. 55-минутта ағылшындардың қақпасын Дмитрий Шомко дәл көздеді. Ал қарсылас команданың қорғаушысы Дишон Бернардтың автоголы отандастарымызға жеңіс әкелді.

    «Астана» командасы осы матчта жеңіске жеткенімен топта үш ұпаймен соңғы орында қалып қойды. «Манчестер юнайтед» 10 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, Голдандияның «АЗ» клубы 9 ұпай жинап, екінші орынға шықты. Енді олар Еуропа лигасындағы жарыстарын одан әрі жалғастырады. Үшінші орынға бес ұпаймен Сербияның «Партизан» клубы жайғасты.

    Рүстем ЖҰМАНҰЛЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *