• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мен көрген Мекке

    «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады», деген сөз — рас сөз. Бұған күн сайын көз жеткізіп келеміз. Алланың құдіретінде шек жоқ қой. «Осы пендемді мына елге апарамын, шақырамын», десе адамды өзінің бұйрығымен кез келген елге, жерге апара алады.

    Сауд Арабиясына сапарым Жаратушының осындай бұйрығынан ғана мүмкін болды. Қазір Жидда қаласының қонақ үйінде осы жолдарды жаза отырып, Құдайға мені Меккеге апарғанына, кіші қажылық парызды өтеуге жағдай жасағанына тағы да мадақ айтамын. Осы мадақты Қағбаны жеті рет айналғанда қайталап айтып шыққанмын. Сол жерде «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп жүздеген, мыңдаған адам да айтты.

    Екіншіден, Азия спорт баспасөзі қауымдастығына осы сапарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Үшіншіден, Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулдығына да алғысым шексіз. Кешеден бері Бас консул Талғат Шалданбайдың көмекшісі Дияр Асқаров деген жап-жақсы азамат әуежайдан күтіп алып, аудармашы мен жол көрсетуші қызметін көрсетіп келеді. Алла оларға қызметтері үшін разы болсын!

    Ал Меккеде кіші қажылықтан керемет әсер алдым. Адам ниеттенсе бәрі болады екен. Мен Араб түбегіне жақсы ниетпен келдім. Құдайдан Қағбаның жанында тұрып, елімізге, халқымызға, ағайын-бауыр, туған-туыс, дос-жаранға ойыма келген ең-ең жақсы тілектерді тіледім! Қайтқан адамдарды Алла панасына алсын деп аруақтарға дұға жасадым!

    Енді Меккеге екінші рет қашан келетінімізді бір Құдай біледі. Бас аман болса бәрі болады. Ең бастысы еліміз аман, жұрт тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, қазақ өз өзіне би, өз өзіне қожа болып жүре берсін!

     

    Дастан КЕНЖАЛИН, – МЕККЕДЕН

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *