• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Отандық ғалымдар вирусқа қарсы спрей әзірледі

    Әбу-Насыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары «Вирусқа қарсы иммундық жүйені қалпына келтіруші пробиотикалық споралы интраназальді спрей» ұсынады.  

    Қазақ Ұлттық университеті биотехнология кафедрасының ғалымдары биология ғылымдарының докторы Ирина Савицкая, биотехнология кафедрасының меңгерушісі Аида Қыстаубаева ғалымдар тобымен H1N1, SARS, MERS, COVID-19 сияқты қауіпті патогендерге қарсы  споралы пробиотигі бар вирусқа қарсы интраназальды спрей әзірледі. Препарат 141 жобадан тұратын  Ғылым қорының байқауынан өтіп, соның ішінде  үздік өнертабыстардың бірі ретінде іріктелді.

    H1N1, SARS, MERS, COVID-19 жататын респираторлық-синцитиалды вирустар (RSV) төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын қауіпті патогендер. Бұл вирустар – «пневмонияны өкпеге оңай жеткізу тәсілі». Мұндай вирустардың жаңа нұсқаларының пайда болуы, олардың антигендерінің өзгергіштігі, вирусқа қарсы препараттарға төзімділіктің артуы вирусқа қарсы терапияда және алдын алуда жаңа тәсілдемені жасау қажеттілігін тудырады.

    Тәсілдердің бірі-тиімді вирусқа қарсы иммундық әсерлерді күшейту. Басты ерекшелігі – бұл әдіс RSV барлық түрлеріне қарсы әмбебап болуы мүмкін, себебі туа біткен ғана емес, бейімделген иммундық жүйені де қамтиды. Бұл реакциялардың триггері бактерия – пробиотиктер, жеткілікті мөлшерде қабылдау кезінде денсаулықты нығайтуға ықпал ететін тірі организмдер.

    Мақсатты аудитория – ЖРВИ, жіті және капиллярлы бронхит, пневмония синдромдары бар тұлғалар және вирус таратушылар.

    Вирустық инфекцияның ерте кезеңінде өкпенің туа біткен иммундық жасушаларын индукциялау қажет – альвеолярлы макрофагтар, олар RSV- инфекциядан, яғни, коронавирустан тиімді қорғаныс механизмін құруда шешуші рөл атқарады. Споралық пробиотиктерді енгізу макрофагтармен байланысты цитокиндерді белсендірумен альвеолярлы макрофагтар пролиферациясына ықпал етеді және RSV инфекциясына,  вирусқа қарсы эффекторлық молекулалардың өнімін арттырады.

    Осылайша, альвеолярлы макрофагтар вирусқа қарсы функциясын күшейтудің тиімді стратегиясы ретінде жобада, өкпеде альвеолярлы макрофагтар пролиферациясын және белсендірілуін тудыратын Bacillus subtilis спорасын интраназальді енгізу ұсынылады. Қолданылатын штаммдар GRAS атауымен, яғни біздің өнімді пайдалану мақсатты аудиторияға қарсы қауіпсіз.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығындағы ғалымдармен кездесуде (26 наурыз 2020 жыл) Қазақстан ғылымының мәртебесін арттыру үшін отандық өнім көздерінің маңыздылығын атап өтті. Біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміздің жетекші ғалымдарының ұсынып отырған әзірлемелері Қазақстан нарығында мұндай препараттың аналогы жоқ екендігін, демек осы аналогтар мен препараттың бәсекелестері болмайтынын айтуға болады. Болашағы зор ғылыми жоба халық денсаулығын нығайтуға үлесін қосады деп сенеміз.

     

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Биология және биотехнология факультеті,

    Биотехнология кафедрасының оқытушылары

    Аида ҚЫСТАУБАЕВА, Ирина САВИЦКАЯ, Светлана ТҰРАШЕВА, Гүлзира ЕРНАЗАРОВА

    16 пікір

    1. Айсулу Кальжигитова

      👍👍👍👍

    2. Айсулу Кальжигитова

      Керемет өте пайдалы👍

    3. Тоқсеит Мадина

      👍👍👏

    4. Yermekova Dinara

      Отандық өнімді қолдаймын👏👏👏👍

    5. Тореханова Аяулым

      Өте керемет жаңалық👍сиздерге сәттілік!!!

    6. Полатова Альвина

      Өте қуантарлық жұмыс, бұл спрей эффективтілігін көрсетеді деп ойлаймын және пайдалы болады деп сенемін!👏🏽 👍🏼

    7. Казизмурат Меруерт

      Саттилик 👍🏻👍🏻👍🏻

    8. Toleu Moldir

      Өте пайдалы ақпарат,отандық өнімді қолдаймын.👍🏻👍🏻👏🏻👏🏻👏🏻

    9. Асылхан Айнура

      Керемет 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

    10. Асылхан Айнура

      Только удачи 👍🏻👍🏻👍🏻

    11. Әбдіғаппар Әсел

      Болашағы зор ғылыми жобалар көбейе берсін👏👏👏

    12. Ерлан Аяжан

      өте керемет, сәттілік тілеймін…

    13. Kumargazhinova Alua

      Керемет👍👍👍

    14. Есмырза Акперзент

      Өте керемет👍👍 Сәттілік👏

    15. Анархан Сания

      оте жаксы жетистик👍👏

    16. Ашикова Лидия

      Өте қуанышты жаңалық!!!😍 Өнертабыс халық игілігіне жарасын👍🏻👏

    Жауап жазу Тоқсеит Мадина Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *