• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шахматтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақ, бес асық және шахматтан онлайн турнирлер өтіп жатыр. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    25 сәуірде шахмат https://www.chess.com//club/jastalap сайтында (тіркеу уақыты 20-23 сәуір), 1-2 мамырда бес асық ойыны бойынша (тіркеу уақыты 27-30 сәуір) турнир ұйымдастырылады. Шахмат турнирі Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналып өтуде.

    Турнир Team Kazakhstan командасының техникалық және ұйымдастырушылық қолдауымен өткізіліп  отыр. Team Kazakhstan командасы – әлемдегі ең ірі де танымал шахмат ресурсы  chess.com сайтында  әлемдік, Еуропалық және Азиялық лигаларда  Қазақстанның атынан сайысқа қатысатын бірден-бір ұйым. Team Kazakhstan командасында елге танымал шеберлермен қатар көптеген әуесқой ойыншылар бар (https://teamkazakhstan.kz/). Карантин уақытында бос уақытты пайдалы өткізудегі бұл мүмкіндік студенттер арасында зор қызығушылық тудыруда.

    Ұлттық дене тәрбиесі орталығының фейсбук (https://www.facebook.com/NNPCFK) және nnpcfk_sport инстаграм парақшасында турнир жайлы ақпараттар жарияланып тұрады.

    Қазіргі таңда елу жоғары оқу орнынан сайысқа қатысу үшін 120-дан аса өтінім келіп түсті.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *