• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнир мәресіне жетті

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды. Турнир 2-3 мамырда  iggamecentre.com сайтында онлайн турнирі өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Оған еліміздегі  3 қала мен 14 облыстан 68 оқушы, соның ішінде 1 спорт шебері, 24 спорт шеберіне үміткер қатысты. Жарыс швейцар жүйесімен 9 тур блиц түрінде өткізілді.

    Ұлдар арасында бірінші орынды Жұмакелді Тұрақбай  (Маңғыстау)‪ жеңіп алды. Екінші орынға Диас Жанбау (Ақтөбе), үшінші орынға Дархан Әнуарбеков (БҚО) пен ‪ Ержігіт Мұхит (Алматы қ.) ие болды.

    Қыздар арасында бірінші орынды Жансая Кабрашева (Қостанай) иеленді. Екінші орынды Жансая Тоғызбаева (Маңғыстау), үшінші орынды Анель Амангелді (Ақтөбе) мен Арайлым Құсайынова (Атырау) қанағат тұтты.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *