• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Əлем чемпионатында қазақ палуандары екі күміс жүлдені иеленді

    Қазақстандық грек-рим күресі шеберлері араға он сегіз жыл салып әлем чемпионатындағы жетістігін қайталай алды.

    Парижде өткен дүбірлі додада қазақстандық палуандар екі күміс еншіледі. Қоржынға алғашқы күмісті 71 келі салмақтағы Демеу Жадыраев салды.

    59 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та финалға дейін қарсыласының бәрін жеңгенмен, ақтық белдесуде сәттілік жолдас болмай, күміс медальды қанағат тұтты.

    Бұл Қазақстан грек-рим күресі палуандарының ұзақ күткен медалі болатын. Соңғы рет қазақстандық екі палуан әлем чемпионатының финалына 1998 және 1999 жылдары шыққан еді.

    1998 жылғы әлем біріншілігінде Бақтияр Байсейітов пен Мхитяр Манукян алтын жүлдеге қол жеткізген. Араға жыл салып Мхитяр Манукян өз жетістігін қайталаса, Юрий Мельниченко 1999 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *