• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қанат Ислам жеңіліп көрмеген канадалық боксшыны нокаутқа түсірді

    Қазақстандық боксшы Қанат Ислам ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде канадалық Брэндон Кукты жеңді.

    Қанат Ислам Астанада кәсіпқой бокстағы 25-жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

    Бірінші раундта канадалық боксшы белсенділік танытты. Өз кезегінде Қанат сауаттылық қарсыласының осал тұсын тауып,  сәті келгенде соққы жасап қалуға тырысты. Ал екінші раундта дәл соққыларымен қарсыласын бір есеңгіретіп алғандай болды.

    Қанат қарсыласының жұдырықтасу мәнерін жіті бақылап, үшінші раунд соңында жойқын соққысымен канадалық боксшыны нокдаунға түсірді. Брэндонды бұл сәтте гонк дауысы ғана құтқарып қалды. Төртінші раундта канадалық тек қорғанумен болды.

    Бесінші раундта Қанат қарсыласын кезекті рет нокдаунға түсірді. Бірақ Брэндон жылдам ес жиып үлгерді. Спорттық карьерасында алғаш рет өзге елде жұдырықтасып жатқан канадалық сегізінші раундта тағы бір рет тізерледі. Тоғызыншы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, Қанат техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    Брэндон Кук спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *