• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сағынып еске аламыз

    Осынау бір сәттік өмірден жалт етіп өткен жандар аз ба?!  Адамның уақыты келгенде бәріміз де дәрменсізбіз. Биылғы 29 тамыз күні қасиетті Торғай даласының топырағынан шыққан бауырымыз, отбасының ардақты әкесі Жаңбыршы Шалабайұлы Қалиевтің «Өмір – өткінші», «Дүние – жалған» деген сөздерді тағы бір дәлелдеп,  арамыздан кеткеніне қырық күн болады. Ақжарқын, ақ пейілімен, ақ көңілдігімен барша ағайынды, барша ел-жұртты баураған бауырымыздың мәңгілікке қиылады деп ойлаппыз ба? Өмір атты өткелдің жұмбақтығы да осы болар, ақ кебін біреуге ерте, біреуге кеш пішіледі.

    Жаңбыршы Шалабайұлы 1962 жылы Торғай облысы, Арқалық ауданына қарасты Қайыңды совхозында туған. Осы ауылда ер жетіп, еңбекке ерте араласып, елге қызмет етті. Ол совхозда түрлі жұмыстар істеп, елдің ыстық ықыласына, құрметі мен сыйына бөленді. Жан жары Майра Камонқызымен үш ұл өсіріп, балаларына  жақсы білім беріп, адал еңбек етуге тәрбиеледі. Оның әкесі Шалабай Қалиұлының да Қайыңды совхозына еңбегі сіңген. Осы ауылда ол механизатор, ұста болып жұмыс істеген. Ол кісі де дархан, ақкөңіл, ақжарқын, елге сыйлы адам болған еді.

    Қамшының сабындай қайран тірлік бір күні шарт сынары әмбеге аян. Өмірдің өзі күшті болғанымен, өтетіні өкінішті… «Тумақ бар жерде, өлмек те бар», дейді шариғат сөзі. Шіркін, бәрі орнымен, бәрі ретімен келсе – өкініштің өзені тасып, қайғының қара жаңбыры жаумас еді ғой.

    Кеше ғана арамызда жарқылдап жүрген Жаңбыршы Шалабайұлынан қапыда айрылғанымызда бір қанатымыз қайрылды. «Өлшеулі өмір» дейтін халық сөзі бар. Маңдайға басылған мөр мен жазылған жазуды ешкім өзгерте алмайды…

    Біз енді бауырымызды еске алумен ғана жұбана аламыз.  Өткен күннен қалатын тек қана естелік. Ол жанымыздан кетсе де жадымыздан өшпейді. Жаңбыршы Шалабайұлы адалдығымен, аңқылдаған көңілдігімен, көпшілдігімен бүкіл ел-жұртқа сыйлы да қадірлі болды.

    Ол жарық жалғаннан мәңгілік бақиға биылғы жылдың 19 шілде күні аттанды. Артында жан жары, үш баласы, немерелері, бауырлары, ағайын-туыс, ел-жұрты, достары мен әріптестері қалды. Бұл өмірге өшпестей із тастады.

    Жатқан жерің жайлы да жарық болсын. Топырағың торқа, жаның жәннаттан орын алсын. Бақұл бол, бауыр!

    Оқыған дұғамыз қабыл болып, Жаңбыршы Шалабайұлының жаны жұмақта болсын!

     

    Бауырлары, ағайындары

    3 пікір

    1. Светлое предстоящее время граждан исходит от правдивой информации. Большой поклон Вам за конструктивное содействие в указанном курсе.

    2. Валентин

      Ясное будущее граждан исключительно зависит от правды. Низкий поклон Вам за живое соучастие в указанном деле.

    3. Ваш веб сайт надо назвать самым лучшим. Всегда видать компетентный подход и конечно качество, какие притягивают эффектное внимание.

    Жауап жазу Алла Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *