• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Онлайн жарыста жеңімпаздар мен олардың мұғалімдері марапатталды

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінен мектеп оқушылары арасында онлайн турнирдің жеңімпаздары мен олардың дене шынықтыру мұғалімдері марапатталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Онлайн турнирде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Лермонтов атындағы орта мектептің оқушылары Гюзель Эсмерова бірінші орынды,  Рустам Кудров үшінші орынды (дене шынықтыру пәні мұғалімі – Рысты Наймаханқызы Дүйсенбаева), Дана Павлова мен Владислав Торяников бірінші орынды жеңіп алды  (дене шынықтыру пәні мұғалімі –  жаттықтырушы  Жүсіпжан Кенжебекұлы Сайынов).

    Ақмола облысының оқушылары Жауар Әліби бірінші орынды, Виктор Скорняков, Сергей Усанин, Диана Утегенова, Лаура Галиева, Әсел Мамырбаева  екінші орынды, Виолетта Тыщенко үшінші орынды иеленді. Илья Карцев үздік өнер көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. Балаларды додаға дайындаған аймақтың білікті ұстаздары – Әсет Шоқаев, Асылжан Османов, Жасұлан Азарбақытов, Игорь Усанин.

    Атырау облысының оқушылары Сағынбек Хасанов пен Малика Есенова бірінші орынға ие болды. Оларды жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімі 30 жыл жұмыс өтілі бар С.Рахимов, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов, Т.Бигелдинов атындағы медальдардың иегері Мейрамғали Бақтыгерейұлы Досанов дайындады.

    Семей қаласының оқушылары Нұралы Белгібаев екінші орынды, Тимур Қасенов, Егор Козырев, Юлия Гуценко үшінші орынды иеленді. Тимур Касеновтің ұстазы – Н.Г.Чернышевский атындағы №1 мектептің дене шынықтыру мұғалімі, педагог-сарапшы Рафаэль Мухаметгалиевич Мурсалимов.

    Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 мектеп оқушысы Аягөз Ермек  үшінші орынды қанағат тұтты. Оны додаға дене шынықтыру мұғалімі  Сәтбай Ермаханов апарды.

    Жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшылар мен мұғалімдерді шын жүректен құттықтай отыра, спорт және дене шынықтыру саласында озық облыстарға және ұстаздарына биік жетістіктер тілейміз!

     

    2 пікір

    1. Один из очень грандиозных людей своего времени, Архимед, сказал: «Дайте мне точку опоры и я переверну весь мир». Все ваши материалы, на мой взгляд, имеют важность ради человечества нисколько не меньше, чем помянутый «рычаг» указанного великого математика.

    2. Валентина

      Я целый рабочий день проживаю с только одной мыслью: вечером я доберусь на дом и сумею получить удовольствие просмотром текстов с Вашего сайта

    Жауап жазу Валентина Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *