• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

    Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы анықталды.

    27 жастағы отандасымыз алғашқы жекпе-жегін 29 қыркүйек күні АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Эйбур Райт. Кездесу төрт раундқа есептеліп отыр.

    Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко осы жылдың басында MJA Entertainment компаниясымен келісімшартқа отырған. Алайда, компания басшылығы өз уәделерін орындамауына байланысты қос боксшы келісімшарттарын бұзған.

    Осыдан кейін Данияр Елеусіновтің ұлттық құрамаға оралатыны хабарланса, Иван Дычко маусым айында америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшартқа қол қойды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *