• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сегіз жылдан бері жалғасын тапқан турнир

    Волейбол спортының елімізде кәсіпқойлар арасындағы даму қарқыны қай деңгейде екені ұлттық құраманың, клубтардың  әлемдік додалардағы жетістігімен өлшенеді ғой.

    Әуесқойлар арасында волейбол спорты кеңінен қанат жайған. Оған ауыл ішілік, ауданаралық, облыстық, республикалық турнирлерге қатысуға ынта танытқан командалардың көптігі дәлел. Осындай сайыс сегіз жылдан бері Райымбек, Кеген аудандарының әуесқой волейболшылары арасында үзбей өткізіліп, дәстүрге айналған. Ай сайын бір мәрте болатын додаға екі ауданның әр ауылынан іріктелген командалар қатысып,  дода көрігін қыздырады.

    Жуырда  осы турнир жалғасын тауып, кезекті рет жалауын желбіретті.  Волейбол спортының жанашыры, аудан спортының дамуына азаматтық үлесін қосып,  алға сүйреп жүрген Индира Дәуметова, Олжас Рамазан, Ербол Амантаев, Жеңіс Қанатұлы, Олжас Бекжанұлы, Ринат Қожанов, Айдос Қызайбек, Есбол Күребай, Талант Берік, Нартай Шымырбаев, Тоқтар Құсайынұлы, Айдос Ұзақбеков сынды азаматтар  кезекті турнирдің ұйытқысы болды.

    «Сегіз жылдан бері жүлгесін үзбей жалғасып келе жатқан турнирді өткізудегі басты мақсатымыз – салауатты өмір салтын насихаттау. Деннің саулығы спортпен сабақтас екенін паш етуді мұрат тұтып, осы турнирдің кезекті додасы жалауын желбіретті. Ай сайын додаға қатысуға ынта танытушы командалардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Түпкірдегі ауылда ашылмаған аралдай қаншама талантты балалар бар, солардың томағасын сыпырып, тұсауын кесетін алаң міне,  осындай турнирлер. Сайысты өткізуге қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан спорт жанашырларына зор алғысымызды білдіреміз», деді  Индира Белгібайқызы.

    Турнирдің чемпиондық кубогын «Кеген-1» командасы еншілесе, күміс жүлде  «Жалаңаш» командасының жігіттеріне бұйырды. Қола жүлдені Іле ауданының волейболшылары олжалады. Төрттікті «Белгібай» командасы түйіндеді.

     

    Қуаныш РАЗАҚ,

    АЛМАТЫ

    Бір пікір

    1. Алдибай Олжас

      МашАлла

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *