• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақтан шыққан алғашқы киномеханик ана өмірден өтті

    Қазақ киноматогафиясы мен Орталық Азия аймағы бойынша алғашқы киномеханик қазақ әйелі, КСРО киноматография саласының үздік қызметкері, Құрмет және Октябрь Революциясы ордендерінің иегері, Жамбыл және Қордай аудандарының құрметті азаматы Рәпия Халыққызы Халықова анамыз бақилық дүниеге жол тартты.

    Халықтың, туған елінің ыстық ықыласымен кино қою саласында өлшеусіз еңбек еткен ұлы ананың ұлы жүрегі 2021 жылғы 25 мамыр күні тоқтап, мәңгілік сапарға аттанды.

    Рәпия анамыздан жас та кәрі де үлгі алып, мақтанатын еді. Ол кісіні жақсы көрмеген жан болмаған. Рәпия анамыз туралы Қазақфильм «Рәпия» деген деректі фильмді әйгілі режиссер Ораз Әбішев 1984 жылы түсіріп жарыққа шығарса, ұлы белгілі журналист  Ақын Ордабайұлы «Рәпия» деген  құнды кітапты елге тарту етті.

    Рәпия Халыққызының өмірі тек ұлағатпен, ізгілікпен өрілген өмірден тұрады. Ол – Мәскеуде өткен Бүкілодақтық киномотография саласында өткен съезде үлкен мінбеде тұрып, Қазақстандағы халыққа кино қою саласындағы өзекті мәселелерді қаймықпай ашық айта білген қайсар ана. Асыл ананың өміржолында қаншама қиыншылықтар кездессе де ол еш уақытта мойымай тік тұрып жеңе білген. Нағыз батыр ана десе болады. Солардың бірі қазақ халқының басына келген аштық нәубеті еді. Анамыз ашаршылықты да көзімен көрген адамның бірі.

    Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыр жылдарда Рәпия апамыз  тынымсыз еңбек етіп, бар ауыртпалықты еңсере білді. Ел құрметіне талмай еткен еңбегімен жете білген аяулы ана, ақтық демі қалғанша, елдің, бала-шағаның тілеуін тілеп отырды. Осылайша ғазиз ана, 86 жасында Алланың қалауымен жарық дүниемен қоштасты. Рәпия ананың мәпелеп өсірген  ұл-қыздары бұл күнде еліміздің көрнекті салаларында қызмет етіп жүр. Ана –мейір, ана – бақыт, ана – өмір  деген осы болар. Артына өшпес із қалдырған Рәпия Халыққызының қайтыс болуы орны толмас қаза.

    Асыл ананың туған-туыстары мен өскен ортасына қайғырып көңіл айтамыз. Алла Рәпия Халыққызын рахымына алып, жаны жаннаттан болсын! Топырағыңыз торқа болсын еланасы!

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *