• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тоқсан тарланды танытқан тарихшы

    Былтыр Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбектің «Қазақтың 72 бапкері», «Саңлақ» деген кітаптарды шығарып, оқырман қауымды қуантқанын жазған едік. Енді міне, жаңа жылдың алдында қаламгер «Қазақтың 90 бапкері» атты тағы бір кітап жазып, көпшіліктің назарына ұсынып отыр.

    Бұл еңбек «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының бас серіктес болуымен, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» корпоративтік қорының (бас директоры Асхат Сейсембеков) тікелей қолдауымен шықты. Кітапта  1945 –2021 жылдар аралығында қазақтың таңдаулы бапкерлері мен шәкірттері туралы деректі мақалалар жарияланған. Мұнда 150-ден аса жаттықтырушы және олардың 560-тан астам шәкірттері туралы деректер, 563 фотосурет пен 90 сүйекті материал бар.

    –Кітапты 2021 жылдың жаз айында жаза бастадым. Бұған дейін 2020 жылдың желтоқсан айында «Қазақтың 72 бапкері» жинағым шыққан болатын. Оған XX, XXI ғасырлардағы таңдаулы 120-дан аса бапкер мен олардың 500-ден астам шәкірттері туралы материалдар енген. Бұл еңбек еліміздің спорт тарихындағы белді жаттықтырушылары туралы жазылған тұңғыш толымды кітап. Сол кезде «Саңлақ» жинағым да жарық көргенін білесіздер.  Оған спортшылардың жеңіс жолы туралы деректер жазылған.

    Бұл екеуі де спортқа шындап байланған қырық жылға таяу уақыттағы ізденіс пен осы салаға махаббатпен берілген еңбектің жемісі. «Саңлаққа» Қаркен Ахметұлы, Ғұсман Қосанов, Әмин Тұяқов, Ораз Қаңлыбаев, Тимур Сегізбаев, Жәнібек Сауранбаев, Құралбек Ордабаев, Дендербай Егізов, Жүсіп Хисымов, Мұрат Жексенбеков, Серік Төкеев, Асқар Шайхиев, Марат Сатыбалдиев секілді дарабоздар туралы деректі дүниелер мен Еуропаны ұтқан қазақ спортшылары және ХХ ғасырдағы алаштың ең таңдаулы 10 мықтысы жайлы мақалалар енсе, «Қазақтың 72 бапкері» кітабына біздің халықтың маңдайына басқан ең майталман жаттықтырушылары мен олардың шәкірттері туралы деректер кірді.

    Жаңа жинақта Тимур Сегізбаев (футбол), Аманкелді Рымқұлов (ауыр атлетика), Әбілда Ақшораев, Серікбай Тілеубаев, Жақсылық Тұрғанбаев (тоғызқұмалақ), Серік Тоқтарғазин, Мерей Көшкін, Сәдет Қасымов (самбо, дзюдо), Таңатқан Бөкин (параволейбол), Бақыт Қоқысбеков, Асан Жолдасбай (самбо), Оразәлі Мұхамедәлинов, Азамат Көкебай, Жұмахан Тұрғанбеков, Рақымжан Бақытжанов (грек-рим күресі), Сұлтан Қобыландин (көгалдағы хоккей), Орынбай Майкеев, Тимур Шатаев, Шаттық Қажымұқан (каратэ) секілді жаттықтырушылардың өмір жолдары мен шәкірттері туралы деректер енгізілді. Сонымен бірге кітапқа қазақ бапкерлерінің ғылыми-әдістемелік еңбектері фотосуреттермен берілсе, «Бапкерлік деген – бір ғылым» тақырыбымен әлемге әйгілі спорт мамандарының қазақтың атақты жаттықтырушылары Октябрь Жарылғапов, Қазбек Байболов, Қабден Байдосов туралы жылы лебіздері, өзімнің журналистикадағы ұстаздарым Сейдахмет Бердіқұл, Несіп Жүнісбайұлы мен Дүрәлі Дүйсебай туралы материалдар жарияланған,  – дейді кітаптың авторы.

    Бұл кітап қаламгердің толымды еңбектерінің бірі. Оның бұған дейін де спорт тақырыбына арналған бірнеше кітабы шыққан болатын. Ол «Қазақ балуандары», «Қазақ боксшылары», «Қазақ олимпиадашылары» деректі жинақтарының идея авторы әрі құрастырушысы. Сонымен бірге ол «Дәулет», «Сұрмерген», «Бекзат», «Құзға біткен қарағай», «Тұлпардың тұяғы», «Манап мектебі», «Берікқазы», «Тұрлықан Қасенұлы» атты кітаптардың авторы. Қазақстан Жастар одағының, Б.Бұлқышев және С.Бердіқұл атындағы республикалық байқаулардың, «Үркер» ұлттық сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері.

    Sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының ұжымы белгілі спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекұлын жаңа кітабымен құттықтай отырып, отбасына зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН

     

     

    4 пікір

    1. вавада официальный сайт мобильная версия

      Спасибо большущее вам за информацию..

    2. Сайт вавады

      Добрый вечер спасибо за информацию.

    3. Спасибо, перечитал на одном биении. Друзья, а мы все покупаем здесь http://alii.pub/64kfk6 . Зачем платить больше?

    4. Джой казино официальный

      Хм… даже такое бывает.

    Жауап жазу Джой казино официальный Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *