• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Странджа мемориалына Ресей құрамасы атынан қазақ қызы қатысып жатыр

    Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа турниріне Ресей құрама командасының сапында қазақ қызы Салтанат Меденова қатысып жатыр.

    Салтанат Серікқызы Ресейдің Омбы қаласында тұрады. Ол Ресей чемпионы және әлем кубогының иегері. Сонымен қатар Салтанат жастар арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Кеше ол Германияның өкілі Ирина Чонбергерді айқын басымдылықпен ұтып, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. 20 жастағы қандасымызға турнирде топ жаруына тілектеспіз.

    Ал осы турнирге қатысып жатқан Қазақстан құрама командасының қыздарының арасында Аида Әбікеева мен Валерия Аксенова (+81 кг) қарсыластарынан жеңіліп қалды. Аида 63 кило салмақта сынға түсіп, үнді бойженткені Парвиннен 0:5 есебімен ұтылса,  Валерия да үнділік Нандининен айласын асыра алмады.

    Осыдан кейін ерлер арасында 57 кг салмақта Бейбарыс Жексен франциялық боксшы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Сэмюел Кистохарриді, осы салмақ дәрежесіндегі екінші отандасымыз Оразбек Асылқұлов қырғыз Женишбек Белашаровты айқын басымдылықпен ұтты. 60 килода Василий Самчук Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері ағылшын Найл Фарреллді 4:1 есебімен ұтты. Осы салмақтағы тағы бір үмітіміз Әділет Құрметов германиялық түрік Мұрат Иылдырымға шамасы жетпеді.

    Сөйтіп, Болгарияның астанасында үш күннен бері өтіп жатқан жарыста 9 боксшымыз жеңіске жетсе, үшеуі турнирді аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН

     

     

     

    Бір пікір

    1. Здорово! Сейчас все в новых домах ставят кованые калитки. Это очень изысканно. Вот на этом сайте нам понравилась кованая калитка . Обошлась относительно недорого. Стала изящным защитным барьером нашей территории.

    Жауап жазу Антон Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *