• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жетісуда жалынды жастардың жарысы жалау көтерді

    Бір апта бойы Алматы облысы, Іле ауданы  Өтеген батыр кентіндегі зәулім спорт сарайында  қолдобынан  2008 жылы туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті.

    Бұл  жарысқа еліміздің барлық аймағынан 11 команда қатысып, бақтарын сынаған еді.  Финалдық сында Қызылорда мен Алматы облысының командалары кездесті. Тартысты өткен ойында екі жақ шеберліктерін аянып қалмады.  Дегенмен ұжымдық ойынды әдемі үйлестіре білген Сыр өңірінің қыздары жеңісті жұлып әкетті. Ал, жүлделі үшінші орынды Ақтөбе облысы Қандыағаш ауданының  командасы иеленді. Алматы облысының құрамасы әлі де болса бір терісі алынбаған сәйгүлектей  жеңіске сәл жетпей қалды деуге болады. Алайда, қолды төмен түсірмейтін Жетісу өңірінің жас құрамасы жіберген қателіктерінен сабақ алып, жаттығуларын шыңдай түсу керек екенін жақсы түсінеді. Осындай елімізідң әр өңірінен үкіліп қосылған командалар арасынан топ жарып,  ел чемпионатында финалға шығып, өнер көрсетудің өзі  үлкен жетістік деп бағалаған жөн болар.

    Шын мәнінде Алматы  мен Қызылорда командаларының финалда кездесуі кездейсоқтық деп алып қарауға  болмайды. Өйткені, Қазақстан бойынша бүгінгі күні осы екі облыста ғана қол добы жоғары қарқынмен дамып келеді. Мысалы, Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, әйгілі балуан Нұрбақыт Теңізбаевтың спорттың қай саласына болмасын белсене араласып, қаржы көзін қиыннан болса да тауып қолдау жасап жатқандығының арқасында қол добы  спорты еңсесін тіктеп, тамаша көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Яғни, төгілген тер, жасалған жағдай өз жемісін беріп отыр деген сөз. Сол сияқты әр облыста Олимпиада бағдарламасына кірген қол добындай спорттың бекзат түріне қолдау барынша жасалса нұр үстіне нұр болар еді.

    Жарыс соңында Қазақстан чемпионатында үздік шыққан үш команда ойыншыларын Өтеген батыр кентіндегі Гандбол мен футзалдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дархан Әшіров салтанатты түрде  марапаттап, жасөспірім ойыншыларға аман-есен үйлеріне жетулерін тіледі. Иә, жеңіске жеткен Сыр өңірінің  қыздары қуаныштан көз жастарын сүртіп, жеңіп алған бас кубоктарын бастырына көтеріп қуанып барады. Ал, аламан ел жарысының күмісін жеңіп алған Алматы облысы мен қола жүлдегер Ақтөбе облысының командалары алдағы жылы қалайда жеңіске жетудің үшін енді жаттығуда аянып қаламасы бек анық. Жарыс аяқталғанда командалар естелікке суретке түсті.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Өтеген батыр кенті,

    Іле ауданы,

    Алматы облысы

    2 пікір

    1. Оксана

      С этим трудно не согласиться. Форсунка двигателя для вашего автомобиля форсунка ДВС Cummins есть в интернет магазине altesta.ru

    2. Благодарю вас, очень приятно было прочитать, и сделать для себя определённые выводы.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *