• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Алматы туры – 2017» веложарысы елу елде көрсетіледі

    Ертең, яғни 30 қыркүйек күні Алматы қаласында дәстүрлі халықаралық «Алматы туры – 2017» көпкүндік веложарысы басталады.

    Биыл айтулы жарыс қарқын алып, көпкүндік пішінде өтетін болды. «Алматы турына» әлемнің 17 мемлекетінен 20 команда қатысады. Қазақстан намысын әдеттегідей Astana Pro Team командасы қорғайды. Осыған дейін өткен төрт жарыстың бәрінде дәл осы елордалық ұжым жеңіске жеткен болатын.

    Бүгін айтулы жарысқа қатысатын командалардың таныстырылу рәсімі өтті. Салтанатты шара кезінде жаңа «Apple Team» командасы құрылғаны хабарланды.

    Жиында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек барлық командаға сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ, өз сөзінде мұндай айтулы дода қала тұрғындарының спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсетінін мәлімдеді.

    «Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары! Бесінші халықаралық «Алматы туры» веложарысына қош келдіңіздер! Осы уақыт аралығында жарыс әлемдік деңгейге дейін көтерілді. «Алматы турын» әлемнің елуден астам мемлекеті тамашалайтын болады. Бұл өз кезегінде шетелдіктердің елімізге деген қызығушылығын арттыра түспек. Біз Алматының құрлықтық «Apple team» командасы құрылғанына қуаныштымыз. Бұл ұжым түрлі жарыстарда қаламыздың намысын қорғайтын болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында Алматы бүгінде әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын өткізе алатын, заманауи спорттық инфрақұрылымы бар орталыққа айналды. Ал қаламыздың даму стратегиясында велоспорт ерекше орын алады. «Алматы туры» Қазақстанның спорттық өміріндегі маңызды оқиға болып есептеледі. Өз кезегінде бұл спорттың дамуына және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға құлшындыра түсері сөзсіз», деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

    Велододаға қатысушылардың басым бөлігі құрлықтық командалар. Әзербайжанның «Synergy Baku Cycling Project» ұжымы жоба құрылған кезден бері қатысып келеді. Биылғы мерейтойлық, яғни бесінші нұсқасына Малайзиядан, Қытайдан, Украинадан және Ираннан командалар қатыспақ. Құрлықтық командалардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Беларусь, Швейцария және Жапония елдерінен келгендер де бар.

    «Алматы турына» Италиядан «Wilier Triestina Selle Italia» кәсіпқой құрлықтық командасы тұңғыш рет келіп отыр. Ал Өзбекстан ұлттық құрамасының велошабандоздары «Алматы турына» осымен төртінші рет қатыспақ.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *