• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Сүйінші!»: Әлімхан Сыздықов — грек-рим күресінен Азия чемпионы!

    Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Әлімхан Сыздықов құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Бұл сүйінші хабарды Азия чемпионатына жеңімпаз бен жүлдегерлерді құттықтауға арнайы барған меценат, спорт жанашыры Рүстем Мұқатов жеткізді.

    «Сүйінші! Әлімхан Сыздықов 130 кг салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанды. Бүгін күрес түрлерінен өтіп жатқан құрлықтық бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржыны алтын медальге толықты», — деді ол.

    Бұдан басқа 55 килоға дейінгі салмақта Аманғали Бекболатов, Мақсат Ережепов (-77 кг) пенМейрамбек Айнағұлов (-63 кг) күміс жүлдегер атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (-87 кг) қола медальге ие болды.

    Грек-рим күресінен ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Серік Жұмашевтің айтуынша, бірінші күннің жалпы есептік қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Ертең балуандарымыз тағы да жүлдеге таласатын болады.

    Дастан КЕНЖАЛИН

    Бір пікір

    1. вавада казино рабочее зеркало

      Даже и не докопаешься.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *