• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «SportPреss» клубы «Динамо» кубогында күш сынасты

    Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары экономикамыз дағдарысқа ұшырап, көптеген кәсіпорындар мен зауыттар жабылып, колхоз совхоздар тарап тарих беттерін кете бастаған ауыр бір кезең болғаны баршамызға белгілі. Сол жылдары «Қайрат», «Спартак», «Буревестник» секілді белді спорт қоғамдары өтпелі кезеңнің қийындығына шыдамай тарап кеткенде, өз шаңырағын берік ұстап қалған «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы еді. «Динамо» сапында кезінде әлем, Еуропа, тіпті Олимпиада ойындарында топжарған спорт жұлдыздарының саны жетіп артылады. «Динамо» қоғамының қатарында сап түзеп ел үшін тер төккен спортшылармыздың Лондон Олимпиадасындағы тарихи табысы есімізде. Бұл кешегі күннің тарихы. Ал, бүгінгі күнде сол «Динамо» ДШСҚ игілікті шараларды ұйымдастырып спорт сүйер қауымның көңілінен шығып келе жатқан ұйым деп білеміз.

    Кеше Алматыдағы «Динамо» стадионында БАҚ өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан өткен дүбірлі жарыс сөзіміздің дәлелі. Жарыстың басталар алдында ақпарат құралдарымен басқосу жиыны болып өтті. Бұл отырысқа «Динамо» республикалық денешынықтыру спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Ішкі істер министрлігіне еңбегі сіңген қызметкер Асқар Омарқұлов келіп қатысып, «Динамо» ДШСҚ қоғамының жылдар бойы жүріп өткен тарихы мен бүгінгі күнгі атқарып келе жатқан жұмыстарынан толықтай мағлұмат беріп өтті. Содан кейін, журналистер көкейкесті сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алды.

    Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, жасыл алаңда шағын футболдан өтетін жарыстың салтанатты түрде ашылуы болып өтті. Алаң шетінде еліміздің әнұранын «Динамо» орталық музыкалық оркестірдің сүйемелдеуімен жоғары деңгейде орындауы жарысқа әсер бергендей болды. Бұл да бір шараға айтулы қоғамның тиянақты дайындалғанының бір белгісі ретінде көрінді. Жарыстың ашылу салтанатына шақырылған құрметті қонақтардың арасында қазақ футболының аты әйгілі ардагер ойыншылары Сейілда Байшақов, Михаил Гурман секілді белгілі азаматтар қатысып, «Динамо» басшылығына осындай спорт күніне орай өткізген жарысқа зор алғыстарын айтып, қатысушы командаларға жеңіс тіледі. Сосын осы жарыстың бас төрешісі, белгілі қаламгер Әлім Анапияновтың айтуымен екі алаңда кескілескен ойындар басталып кетті.

    Финалда Алматы қаласы Құқық қорғау органдарының құрама командасы мен «SportPреss» ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының журналистер клубы кездескен еді. Полиция қызметкелерінен құралған қала құрамасы журналистерден сәл басым түсіп бас жүлдені жеңіп алды. Дегенменде журналистер қалам ғана ұстап емес, допты да тамаша ойнай білетінінін шиеленіскен тартымды тамаша ойындарымен көрсетіп, көрермендердің ерекше қошеметіне ие болды. Осылайша жарыс соңында жеңімпаз командалармен қатар, үздік қорғаушы, үздік шабуылшы, үздік қақпашы деген номинациялар бойынша ойыншылар ұйымдастырушылардың әзірлеген бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Журналистердің командасынан үздік шабуылшы атағы маған бұйырыпты. Оған Аллаға тәубе дедім.

    Бұл жарыстың бас кубогы ауыспалы болады. Қай команда үш рет турнирдің жеңімпазы болса, кубок сол командада түпкілікті қалады екен. Ол туралы жарыстың бас ұйымдастырушысы «Динамо» ДШСҚ бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов жарыстың жабылар сәтінде жария етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир алдағы жылы дәстүрге айналып, командалар саны көбейе түспек. Аламан өткен жарыс соңында қатысушылар естелікке суретке түсіп, турнирден алған тамаша әсерлерімен бөлісіп тарқады.

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    6 пікір

    1. Елизавета

      Благодарю вас за информацию. Очень положительное впечатление на меня произвели pinup порадовали, средства удалось вывести быстро, буду испытывать удачу и дальше.

    2. Григорий

      Добрый вечер спасибо за информацию. А мы ходим вот в этот частный садик https://sadik-spb.ru . Все супер! И развивающие занятия, и качественное четырехразовое питание, а по деньгам выходит совсем недорого, не больше, чем если бы самому с ребенком заниматься и кормить.

    3. Григорий

      Спасибо за информацию. На Европейском проспекте есть хороший частный детский садик — https://sadik-spb.ru/sadik_na_evropejskom . Наши двое туда ходят с привеликим удовольствием, в отличие от обычного сада возле дома, куда попробовали сначала походить.

    4. Виктор

      Интересно. С 1.5 до 7 лет можно записаться в садик «Мими Дом» в Приморском районе СПБ https://sadik-spb.ru/sadik_na_komiendantskom_prospiektie . Нам уже почти 3, ходим туда полгода и очень довольны садиком, а главное если мы задерживаемся на работах, можно забрать ребенка позже, он будет под присмотром.

    5. Андрей

      Пусть будет так. Если скрутить пробег на datsun в Санкт-Петербурге недорого вот у них к примеру https://obdservice.ru/skrutit-probeg/datsun , то цена скрутки легко отобьется более высокой ценой продажи.

    6. Лариса

      Здравствуйте спасибо за информацию. Известная профессиональная студия дизайна интерьеров занимается разработкой дизайн-проектов квартир разного уровня сложности и стиля. Накопленный опыт позволяет создавать гармоничные, яркие, уютные и действительно удобные в повседневной жизни интерьеры. Кроме этого, студия реализует ремонт квартир любой сложности под ключ премиальными качественными материалами. 3D-визуализация позволяет с заказчиком точно согласовать его планы и предпочтения. В студии https://www.panram.ru/partners/news/dizayn-interera-kvartir-ot-idei-do-voploshcheniya/ работают талантливые дизайнеры, которые помогут создать интерьер Вашей мечты!

    Жауап жазу Виктор Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *