• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Біздің мақсатымыз айқын!» акциясы: жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

    Өткен сенбіде Алматы облысы Талғар ауданында спортының дамуына үлес қосып жүрген үздіктерді марапаттауға арналған «Біздің мақсатымыз айқын» атты спорттық – патриоттық бағытта атқарылған жұмыстың қорытынды кеші өтті. Кеш Тұздыбастау ауылының Мәдениет үйінде болды. 

    Оған Алматы облысы әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Талғар ауданының әкімдігі, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы, «Аash_pridefc» промоушені, республикалық «Ер – Намысы» қоғамдық бірлестігі үлкен қолдау көрсетті. Ауданымыздың спорт майталмандары мен ауыл және спорт жанашырлары, спорт мекемелері мен спортшылар қатысқан үлкен іс-шараға келген құрметті қонақтар саны көп болды. Тұздыбастау ауылының тұрғындары мен ауыл жастары және де аудан халқы бір рухтанып серпініс алғандығы байқалды.

    Атқарылған жұмыстың қортынды кешіне ауданымыздың абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары ең үздік спортшыларды мараттау салтанатына Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ермек Маңғазұлы қатысып, сөз сөйледі.

    Құрметті спорт сүйер қауым! Халық даналығында «Тәні саудың- жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты дамыту еліміздегі маңызды міндеттердің бірі. Біздің ауданымызда да бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, спорт кешендерінің жүйесі кеңейе түсуде. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар саны көбейіп келеді. Бүгінде біздің спортшылар Талғар ауданының спорттық айбынын лайықты түрде қорғауда. Өздерінің белсенділігімен және жақсы нәтижелерімен еліміздің беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Біздің аудан өзінің спорттық тарихымен және өзінің тамаша дәстүрлерімен мақтанады. Өмірімізде салмақты нәтижелермен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың атақты чемпиондарымен жүлдегерлерінің тұтас тобы тәрбиеленген. Жаттықтырушылар мен спортшылар алдағы уақытта да біздің ауданның деңгейін асырып, даңқын шығаратын лайықты спортшыларды тәрбиелеу үшін өздерінің шеберліктері мен тәжірибелерін жұмсай береді деп сенемін. Бүгінгі спорттық — патриоттық бағыттағы «Біздің мақсатымыз айқын!» атты қортынды кешімізге қош келдіңіздер! Дендеріңізге саулық тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!», деді Ермек Маңғазұлы.

    Әрі қарай сөз кезегі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевқа берілді.

    «Құрметті іс-шараға қатысушылар Талғар ауданында бүгінгі күні көптеген спорттан жақсы жетістіктер бар. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Талғар ауданында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үлкен дене шынықтыру сауықтыру кешені ашылған болатын. Бүгін Талғар ауданымызда төрт спорт мектебі жұмыс істеп жатыр. Оның бірі — қысқы спорт түрі, велосипед спорт түрлерінен, онымен қоса екі спорт мектебіміз жақсы көрсеткішпен жұмыс істеуде.

    Жақында осы ауданға келген кезде Тұрсынғали Еділов ағамыздың жарысының ашылу салтанатына қатысқанда бұқаралық іс-шараларды өткізу мақсатында Талғардың әкімдігі ұйымдастырған үлкен іс-шараның куәгері болғанбыз. Соның міне жалғасын тауып, бүгін Тұздыбастау ауылында осы ауданымыздан шыққан мықты спортшыларымызға, ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, бұл спортшылар тек қана ауданымызда, облысымызда ғана емес, еліміздің намысын қорғаған, солардың еңбегін бағалап осыған орай үлкен марапаттау кешіне келіп отырмыз. Осы жерде көптеген бапкерлер, спорт саласының қызметкерлері, ардагерлері, басшылары, соларға жанкүйер болып жүрген азаматтар, ата-аналар бар. Баршаларыңызды осы іс-шараның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің намысын қорғайтын мықты спортшылар шыға берсін. Президентіміз осы бұқаралық спортты дамыту мақсатында салауатты өмір салтын ұстанатын біздің халқымыздың елу пайызына дейін халық санының жетуі осындай тапсырма берілген болатын. Жасөспірім балалар мен қыздардың спортпен тегін айналысуына үлкен мүмкіндіктер туғызу мақсатында көптеген тапсырмалар берілген болатын. Оның бірі қазіргі күні орындалып жатыр. Осы Тұздыбастау, Бесағаш Талғардың жан-жағындағы ауылдарда қазір спорт кешенін салуға сұраныс берілген болатын. Бұны біз алдағы уақытта қараймыз, — деді Нұрбақыт Молдахметұлы.

    Спорттық патриоттық бағыт еліміздің көптеген өңірлерінде республикалық деңгейде «Ер-намысы» қоғамдық бірлестігінің филиалдары ашылып, сол өңірлердегі спорт жанашырлары спортты дамытуға үлкен үлестерін қосып жатыр. Талғар ауданының спорт жанашырлары да шет қалған жоқ.

    «Спорт ардагері – 2022» номинациясы бойынша 3 жеңімпаз, «Спортқа жанашыр ауыл әкім – 2022» номинациясы 2 жеңімпаз, «Спортқа жанашыр мектеп директоры – 2022» номинациясы 4 жеңімпаз, «Үздік атбегі – 2022» номинациясы бойынша 1 жеңімпаз марапатталды.

    «Спорт ардагері– 2022» номинациясының жеңімпазы Матан Бекбосынов атанды. Матан ағамыз Грек – рим күресінен Қазақстан Респубикасының еңбегін сіңірген жаттықтырушы, Талғар ауданының құрметті азаматы, грек – рим күресінен КСРО спорт шебері, Талғар ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы. Сонымен бірге, Хаджимурат Ибрагим ағамыз Талғар ауданында футболдың негізін қалаушы. Тағы бір жеңімпазымыз Сергей Михайлов армрестлингтен Қазақстан Респубикасының еңбегін сіңірген жаттықтырушы. Талғар ауданының негізін қалаушы, Талғар ауданының құрметті азаматы.

    «Спортқа жанашыр ауыл әкім – 2022» номинациясының жеңімпазы Нұра ауылдық округінің әкімі Данияр Күнгей болды. Даниярдың жетекшілігімен Нұра ауылдық округінің спортшылары ірі табыстарға жетті. Келесі кезекте Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Инақынұлына берілді. Нұрбол Инақынұлы жетекшілігімен Белбұлақ ауылдық округінің тұрғындарының арасында ай сайынғы футболдан, еркін күрестен, бокстан жарыстан ұйымдастырылып отырады. Ауылда бұқаралық спорт қарқынды дамытып келеді.

    «Спортқа жанашыр мектеп директоры – 2022» номинациясының жеңімпазы болып Айдар Қоныратов атанды. Аз ғана уақыт ішінде өзі басқарып отырған  мектепті ең алдыңғы орынға шығарған. Келесі мектеп директоры Әлия Дүйсен туған ауылына спорт кешенін салуға ұйытқы болып отырған жанашыр басшы. Сондай-ақ, Ажаркүл Қайшыбекова да марапатталады. Ажаркүл ханым басқарып отырған мектеп спортта жарқын жеңістерімен биыл толағай табыстарға ие болды.

    Ал «Үздік атбегі  – 2022» номинациясының жеңімпазы атағын Қазбеков Серік алды.

    «Үздік жаттықтырушы – 2022» номинациясы бойынша 5 жеңімпаз, «Үздік спортшы – 2022» номинациясы бойынша 5 жеңімпаз марпатталды.

    Сонымен қатар, спортшылардың жаттықтырушылары да назардан тыс қалған жоқ. Бапкерлер  Наиль Мусаевтың шәкірттері дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері атанған. Виктор Парадеев конкурдан Азия чемпионатының жүлдегерін дайындаған. Тимур Тулев волейболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпиондарын және жағажай волейболдан ел чемпиондарын дайындады. Станистав Третьяков — велоспорт шосседен ел чемпионаты жүлдегерінің бапкері. Анна Храмушина биатлоннан Азия чемпионатының жүлдегерін дайындаған бапкер.

    «Үздік спортшы – 2022» номинациясын Жалын Нұртай жеңіп алды. Ол дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының жүлдегері. Ксения Баталова конкурдан жастар арасында Азия чемпионатының жүлдегері. Дария Плужникова мен Алина Осипенко каратэден жасөспірімдер арасында әлем чемпионадары. Андрей Ремхе велоспорт шосседен жастар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Айша Ракишева шаңғы спортынан жастар арасында ел чемпионы.

    .«Үздік әдіскер — нұсқаушы – 2022» номинациясы бойынша 2 жеңімпаз, «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 2022» номинациясы 7 жеңімпаз, «Спортқа жанашыр имам – 2022» номинациясы бойынша 1 жеңімпаз, «Үздік әдіскер — нұсқаушы – 2022» номинациясының жеңімпазы марапатталды.

    Сағындық Қазболатұлы. Ол тәжірибесі мол әдіскер – нұсқаушы. Сырым Мәкенұлы мен Сағындық Қазболатұлы тәжірибесі мол әдіскер – нұсқаушылар. Спорт нұсқаушысы болып істеп жүргендеріне биыл 8 жыл толыпты. Дидар Болатұлының баскетболдан қыздар командасы 1-2 жылдың ішінде облыс чемпиондары және Қазақстан чемпионаттарың жүлдегері атанған. Әли Жанатұлы футболдан Алматы облысының чемпионы және облыстың атынан республикалық жарыстардың жүлдегері. Еркін Толеуғазыұлының жетекшілігімен Талғар ауданынан асық ату спортынан ІV республикалық жасөспірімдер ойынына қатысып, екінші орын алды. Осы жарыста Бағлан Құттығожаұлы апарған оқушылар да күміс жүлдені иеленді. Еркін Қадырбайұлы күрестен 3  дүркін Қазақстан чемпионын дайындаған бапкер. 39 жыл тәжірибесі бар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Данияр Ерболатұлы тоғызқұмалақтан дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында Алматы облысының жеңімпазы. Валерий Анатольевич жеңіл атлетикадан көптеген жеңімпаздар мен жүлдегерлер дайындап шығарған білікті маман.

    «Спортқа жанашыр имам – 2022» номинациясының жеңімпазы атағына Біржан Дүмбіров те болды. Жасы кіші болса да жұмысы мен спортты бірге ала жүре білген білікті маман.

    №16 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұржан Шәріпұлының айтуынша, «Біздің мақсатымыз айқын!» атты іс-шара лайықты деңгейде өткізілді.

    Алматы облысының Талғар ауданындағы спортшыларды марапаттауды жыл есебі ретінде өткіздік. «Ер-Намысы» қоғамдық ұйым құрып отырмыз. Ол бүкіл спорт федерацияларының үстінен қарайды. Қоғаммен таза жұмыс істеу бағытында, оның сыртында үздік дене шынықтыру мұғалімі, үздік директор деген сияқты өз ортасында спорт саласына үлес қосып жүрген адамдарға табыстадық, -деді денешынықтыру мұғалімі.

    Сонымен қатар, Талғар ауданының жанашырлары мен меценаттары да марапатталды. Талғар ауданының «Ер-Намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Баяхмет, Талғар ауданы жекпе – жек спорт түрлері федерациясының президенті Әлішер Сасықов, Талғар ауданы ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті – Нұрболат Кәрім, Талғар ауданы ұлттық ат спорты түрлері федерациясының президенті Асхат Майданбекұлы, ауданымыздан жеңіл атлетика түрлері федерациясының президенті Равил Болатжанұлы және де Талғар ауданы қысқы және велоспорт  түрлері  федерациясының президенті – Дәулет Жақсылық, спорттық ойын түрлері федерациясының президенті Болатбе Амангелді мен «Talgar Champions»  футбол клубының президенті-  Аян Тұрлыбайұлы марапатталды.

    Сонымен қатар, Талғар ауданының тумасы, Алаштың асыл ел азаматы, республикалық «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің вице — президенті Жандос Аянбек мырза ауданымыздан шыққан Азия және әлем, Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған «TALGAR CHAMPIONS» спорттық — патриоттық футбол командасының тегі жазылған жейделерін сыйлыққа берді. Футбол командасы құрамында Дәулет Тұрлыханов, Марат Елеусізұлы, Нұрбақыт Молдахметұлы, Данияр Қасқарауов, Қайдар Әлиханұлы, Ержан Мұратұлы, Александр Викторович, Нұркен Қанатұлы, Қорлан Жақанша, Ербол Камалиев, Жандос Аянбек, Фарида Мамырбекқызы,  Сүйіндік Қазболатұлы, Нұржан Шаріпханұлы, Жасұлан Балғабайұлы, Бағлан Жақанша, Болатбек Амангелді, Нұрболат Сатымханұлы, Аян Турлыбекұлы, Арман Қалықұлы сияқты азаматтар бар.

    Осындай ауқымды жоба облысымыздың әр ауданында жалғасын тауып, жыл соңында облыс орталығы Қонаев қаласында қорытынды кеші өтеді деп доспарланып отыр.  Міне осындай ауқымды спорттық — патриоттық жобаның біздің ауданда өтуіне ұйытқы болған жерлестерімізге, атап айтар болсақ, «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының шеф — редакторы Жандос Аянбек, аудандық бұхаралық спортты дамыту орталығының директоры Сүйіндік Қазболатов пен аудандық «Ер – Намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Баяхметов мырзаларға аудан жұрты атынан алғыс айтамыз. Талғар спорты жасай берсін, демекпіз.

    Кәусар ӘБДІКЕРІМ,

    Фото: Сержан ЖИРЕНБАЙ

    Алматы облысы, Талғар ауданы

    2 пікір

    1. Все расписано достаточно подробно. Чтобы играть на реальные деньги в казино пин ап , нужно зарегистрироваться.

    2. Пусть будет так. Если ремонт стиральных машин на дому недорого и быстро – могу посоветовать Ремонт от профи.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *