• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда теннистен TS CUP жұптық жарысының жалауы желбіреді

    11 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ЦСКА ҚТФ теннис орталығының корттарында Серік Төлбасов Қорының қолдауымен теннис жанкүйерлері арасында TS CUP финалдық турнирі өтті.

    Әуесқой теннисшілер жұптық жарыста күш сынасып, 3 млн теңге болатын жүлде қорын сарапқа салды.

    Бұл жарыс биылғы 20 сәуір күні басталған серияда төртінші, қорытынды жарыс болды. Бір жыл ішінде TS CUP турнирлеріне Қазақстаннан 37 спортшы қатысты. Жарыстың жүлде қоры 7,5 млн теңге болды.

    Жарыстың үйлестірушісі Ерлан Балғарин болса, бас төреші болып спорт шеберлігіне үміткер Артем Ащеулов қазылық етті.

    Турнирдің соңында Ерлан Балғарин TS CUP жарысына баға берді. Ол жалпы турнирдің өте жақсы деңгейде өткенін атап айтты.

    Маған әсіресе, нақты құрылымдалған рейтинг жүйесі, турнирдің финалына үздік ойыншылардың біліктілігі бар үш іріктеу турнирі мен финалдық чемпионатты өткізу идеясы ұнады. Бұл — Қазақстан үшін ғана емес, ТМД елдері үшін де бірегей тұжырымдама.

    Бір ұйымдастырушының өзі бір жылдың ішінде үлкен турнирлердің тұтас сериясын және финалдық чемпионатты өткізуі сирек кездеседі. Турнирді өткізуге жоғары деңгейдегі жайлылық, ақпараттық контент және керемет жағдайларды қамтамасыз ете алған ұйымдастырушы топтың үйлесімділігін айтқым келеді, — деді ол.

    Серияның үздік ойыншылары ауыспалы кубогын сарапқа салды. Бұл кубок отандастарымыздың қолынан шыққан. Оны зергерлер жасаған. Кубоктың салмағы — 15 кг. Ол жезден жасалған және 925 сынамалы күміспен қапталған. Трофей тірегі таза қатты қарағайдан кесілген.

    Жарыс екі кезең бойынша өтті. Біріншісі, топтық жарыс, екіншісі — play off. Топтық кезеңде жұптар бір сеттен алтыға дейінгі форматта айналымдық матчтар өткізді. Play off кезеңінде жұптар финалға шығу, бірінші және үшінші орындар үшін матчтар өткізді.

    Сонымен биылғы жарыста өз тегін жазу құрметіне Александр Нейланд пен Болат Тұрсынханов ие болды. Екінші орынды Михаил Зоров пен Фархад Қобланды, үшінші орынды Роман Марков пен Идель Сәбитов иеленді.

    Барлық жеңімпаздар естелік медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ қомақты ақшалай сыйлықтар алды.

    Белгілі қазақстандық бизнесмен және меценат Серік Төлбасов бірнеше рет атап өткендей, TS CUP турнирлерінің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және елімізде үлкен теннисте жұптық ойынды дағдыға айналдыру.

    TS CUP ұйымдастырушылары мұндай жарыстарды тұрақты өткізуге ниетті.

    Біз спортшылардың ойынға толық көңіл бөлуі үшін барлық жағдайды жасауға тырыстық. Бұған бізге турнирлердің ресми серіктестері – Samal су сауда маркасы және «ЦСКА» ҚТФ көмектесті. TS CUP сериясына ақпараттық қолдауды тек қазақстандық басылымдар ғана емес, сонымен қатар ресейлік Tennis Weekend және Amatour журналдары да көрсетті, — деді бизнесмен.

    Төлбасов Қорының баспасөз қызметі,

    АЛМАТЫ

    3 пікір

    1. Пожалуй, так и есть. Известная профессиональная студия дизайна интерьеров специализируется на создании дизайн-проектов квартир разного уровня сложности и стиля. Имеющийся опыт позволяет создавать яркие, гармоничные, стильные и действительно удобные в повседневной жизни интерьеры. Помимо этого, студия выполняет ремонт квартир любой сложности под ключ качественными премиальными материалами. 3D-визуализация позволяет с заказчиком точно согласовать его планы и предпочтения. В студии https://www.panram.ru/partners/news/dizayn-interera-kvartir-ot-idei-do-voploshcheniya/ работают только талантливые дизайнеры, которые Ваши мечты воплотят в интерьере.

    2. Очень полезная информация спасибо. Игроков pin up bet casino привлекает относительно быстрый вывод выигранных средств, щедрые бонусы, наличие множества популярных игр.

    3. Александра

      Благодарим за предоставление информации. Заведение предлагает хорошие бонусы, лояльное отношение к игрокам, множество методов пополнения счета и вывода средств, огромное число игр. Также стоит отметить оперативность выплат и самую лучшую турнирную систему. Чтобы иметь возможность пользоваться полным функционалом Vavada Casino, нужно пройти регистрацию на сайте вавада казино онлайн регистрация . Кстати, этот процесс максимально упрощен. Для создания аккаунта Вам всего лишь нужно указать номер телефона или почту, придумать пароль и выбрать валюту счета.

    Жауап жазу Александра Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *