• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Александр Бородюк: Исламхан, Жуков, Мужиков көмектесе алмайды

    – Ұлттық құраманың алдағы ойындарға дайындық деңгейі туралы айтып беріңізші. Бірнеше ойыншы қатыса алмайтыны туралы белгілі болды.

    – Иә, ол рас. Алдағы ойындарға қатыса алмайтын ойыншыларымыз бар. «Астанадан» Мужиков, Шомко, Мокин көмектесе алмайды. Бізге жігіттердің денсаулығы маңыздырақ. Сондықтан өз клубтарында емделетін болады. Олардың тезірек жазылып кетуін тілейміз.

    – Ал Сергей Малыйды амалдың жоқтығынан шақырдыңыз ба? Қанша дегенмен, оның ойын практикасы өзгелеріне қарағанда аздау.

    – Амалдың жоқтығынан деп айтуға болмас. Ол ұлттық құрамаға осыған дейін бірнеше рет шақырту алған, тәжірибесі де жоқ емес. Рас, қосалқы құрамда бірнеше футболшымыз болған. Бірақ өкінішке қарай олар да жарақат алып қалды. Сондай-ақ, орталық қорғаныста сары қағаз иеленген ойыншыларымыз бар. Сондықтан осының бәрін жан-жақты ескердік. Бұдан бөлек, Георгий Жуковтың, Бауыржан Исламханның қатыса алмайтыны бізге қиындау болып тұр. Дегенмен бұл футбол екенін ұмытпайық. Мұнда бәрі болады. Негізгі құрамдағы ойыншылардың орнын өзге де жігіттер лайықты түрде баса алады. Ұлттық құрама жекелеген ойыншылардан емес командадан тұрады.

    – Іріктеу кезеңі аяқталып қалды. Сізге осы кезеңде команданы жасарту ісінен бөлек өзге тапсырма беріліп пе еді?

    – Ең бастысы жастарға көбірек мүмкіндік беру болатын. Жастар туралы осыған дейін бірнеше рет айтқанмын. Жастар құрамасында болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншылар аз емес. Оларды өзімізге шақырар едік. Бірақ Болгарияға қарсы ойын күтіп тұр. Ол жақта жоғары орындардың бірін иелену мүмкіндігі бар. Қазір бес-алты жігітті назарымызда ұстап отырмыз. Олар болашақта ел футболын өрге сүйрейтін ойыншылардың бірі болады деп үміттенемін.

    – Сіздің еңбегіңізді Қазақстан футбол федерациясы қандай өлшемдермен бағалайды?

    – Ол жағын білмедім. Бірақ қазіргі жұмысыма өзімнің көңілім толмайтынын айта кеткім келеді. Тілшілер қауымынан бұрын өзімді өзім көбірек сынға аламын. Ал Қазақ футболының болашағы зор. Мұнда небір талантты жастар өсіп келеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *