• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» элиталы раундқа жолдама алды

    УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі сатысында «Қайрат» пен «Аят» қорытынды матчтарын өткізді.

    Бірінші топтағы матчта «Қайрат» Францияның «Спортинг Париж» клубын 3:2 есебімен ұтып, турнирдің элиталық сатысына жолдама алды.

    Кездесуде «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов 2-минутта есеп ашса, Кайо Руис 24-минутта екінші голды салды. Ал Диего Фаверо 29-минутта үшінші голдың авторы атанды. Одан кейін «Спортинг Париж» командасы «Қайраттың» қақпасына екі доп соқты.

    Осыған дейін «Қайрат» Испанияның «Пальмасымен» 2:2 тең түссе, Бельгияның «Халле-Гооик» клубымен де 2:2 есебімен тең тарқасқан еді.

    Элиталы раундтың жеребе тарту рәсімі 8 қарашаға жоспарланған. Ал матчтар 27-28 қараша күндері өтеді.

    «Аят» командасы Хорватияның «Пула» клубымен кездесіп, 2:5 есебімен жеңілді. Топтың қорытынды матчында Рудныйдың клубы жарыс жолынан шығып қалды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *