• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды.

    Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты.

    Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды.

    Күміс жүлдені Өзбекстан, қола медальді Қырғызстан командалары иеленді.

    Қазақстан балуандары бас жүлде үшін 10 000 000 теңге көлемінде сыйлық алса, екінші орын алған Өзбекстанның құрамасына  6 000 000 теңге, үшінші орынды иеленген Қырғызстанның командасына  4 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен тайқазан кубогы табыс етілді.

    Турнир Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің, сондай-ақ, «Qazaq kuresi» қауымдастығы, «Qazaqstan Barysy» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ұйымдастыруымен еліміздегі ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өтті.

    Турнирдің бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, демеушісі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *