• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы Румынияға келді

    Кеше футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы Румынияға келді. Құраманың ойыншылары мен жаттықтырушылары ұшақтан түскен бойда бірден Бухаресттен 54 км қашықтықтағы Плоешти қаласына келіп, қонақ үйге орналасты.

    Бүгін құрама команда ашық жаттығу мен баспасөз мәслихатын өткізеді. Ал Румыния мен Қазақстан құрамаларының матчы 5-нен 6 қазанға қараған түні Плоешти қаласындағы «Илие Оана» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 00.45-те басталады. Бұл еліміздің бас командасының 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы соңғы ойыны. Бұдан кейін 8 қазан күні Қазақстан мен Армения құрамаларының кездесуі болады. Осы екі матчқа мына ойыншылар шақырылып отыр.

    Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

    Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов (екеуі де – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Виктор Дмитренко («Шахтер»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

    Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, (екеуі де – «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген (екеуі де – «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Аслан Дарабаев («Ертіс»);

    Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).

    Қосалқы тізімнің ойыншылары: қақпашы — Марсель Исламқұлов («Қайсар»), қорғаушылар — Александр Кислицын («Ертіс»), жартылай қорғаушылар — Жақып Қожамберді («Тараз»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), шабуылшы — Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»).

    Аршат ОРАЗОВ (Будапешт, Румыния)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *