• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Су добынан Қазақстан құрамасы Азияның қола жүлдегері атанды

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның әйелдер құрамасы қола жүлдегері атанды. 

    Қазақстанның арулар командасы үшінші орын үшін ойында Таиланд құрамасымен кездесіп, алаң иелерін 15:4 есебімен жеңіске жетті.

    Бұған дейін бұрымдыларымыз жартылай финалда Жапониядан 12:16 есебімен жеңілген болатын.

    Бүгін Азия чемпионатының қола жүлдесін Қазақстан ерлер құрамасы сарапқа салады. Олардың қарсыласы — Иран құрамасы.

    Енді Андрей Сазыкин жаттықтыратын команда қола медаль үшін таласады. Екінші жартылай финалда Қытай құрамасы жарыс қожайыны Таиландты 27:2 есебімен жеңді.

    Азия чемпионатында жүлдені иеленген құрамалар келесі жылы Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен ХХ әлем чемпионатына жолдама алады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *