• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

    Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

    Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін мықты команданы анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран төрт құрама қосса, Қазақстан, Австралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар үш командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг екі жұптан аттандырды. Тек Үндістан бір құрамасына сенім артады.

    «D» тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан 1) ешкімге дес бермей келеді. Олар бүгін Гон Конг (2) құрамасын сенімді жеңді. Есеп: — 21:14, 21:15.

    Кеше Яковлев пен Богату дуэті Австралия (2) волейболшыларын 1:2 (21:17, 21:23, 10:15) есебімен ұтты. Ал алғашқы ойында Оманнан басым түсті (15:21, 15:21). Еліміздің алғашқы құрамасы өз тобынан бірінші орынмен плей-офқа жолдама алды.

    Нұрдос Алдаш пен Кирил Гурин (Қазақстан 2) «F» тобында Қытай мен Таиландтан 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Олар енді Иран (4) жігіттерімен ойнайды.

    Ал Қазақстанның үшінші құрамасындағы Владислав Пустинников пен Артём Петросянц алғашқы мачта австралиялықтарға жол бергенімен (2:0), кеше Жапонияның көшбасшы командасынан басым түсті (1:2).

    Сары құрлықтағы көшбасшы Австралия құрамасы. Олар осыған дейін бес мәрте чемпион болған. Индонезия — 4, Қытай — 3, Иран, Катар, Жаңа Зеландия екі реттен топ жарса, Қазақстан құрамасы бір рет алтын медаль  жеңіп алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *