• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Боксшылар WBC рейтингінде ТОП-бестікке кірді

    Жаңа рейтингте екі бірдей қазақстандық боксшы үздік бестікке қосылды.

    Екінші орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов оныншы сатыдан бесінші сатыға көтерілді. Ал орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орыннан бесінші орынға жайғасты.

    27 жастағы Ахмедов соңғы кездесуін америкалық Габриэль Росадоға қарсы өткізіп, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл кездесуде Ахмедов IBF North America және WBC Silver белбеулерін иеленді.

    Ал 29 жастағы Нұрсұлтанов болса қазан айында ұпай бойынша аргентиналық Марсело Эстебан Косерестен айласын асырды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *